Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3428 0 пікір 11 Тамыз, 2015 сағат 11:20

АҚМОЛАЛЫҚТАР VIP-НӨМІР ҮШІН 15 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАДЫ

Ақмолалық жүргізушілер жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатып алу үшін 15 млн теңгеден астам қаражатын жұмсаған, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жыл басынан бері облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ТЕБ 15 млн теңгеден астам соманың жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірінің 49 жиынтығын берді», - деп мәлім етті департамент баспасөз қызметінің қызметкері Нұржан Дүйсембинов. 

Оның айтуынша, ақмолалық жүргізушілер арасында 333 (16 данасы сатылған) пен 777 (6 дана) нөмірлері ерекше сұранысқа ие. Сонымен қатар 001, 300, 555, 888 сериялы нөмірлерден 4 данадан сатылған. 

Естеріңізге салып өтсек, қазіргі таңда Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сату бағасы белгіленген. Бүгінде 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерін сатып алу үшін 422 мың 256 теңге төлеу қажет болса, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сериялы нөмірлер 253, мың 724 теңге тұрады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420