Жұма, 11 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2912 0 пікір 11 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ҰЛТ ЖОСПАРЫНА ҮН ҚОСУ - ҰЛАНДАРДЫҢ ПАРЫЗЫ

Оңтүстiк Қазақстан облысы спортшылары және сала мамандарының қатысуымен ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамын» талқылауға арналған жиын өттi. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Спорт комитетi төрағасының орынбасары Әбiл Дөңбай қатысты. Басқосуды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлiбек Нұртаев жүргiзiп отырды.

Жиында баяндама жасаған Ә.Дөңбай Ұлт жоспарының маңызына тоқтала келiп, оның жүзеге асуына атсалысу әрбiр азаматтың парызы екенiн айтты.

–Тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 қадам заң баптарындай нақты, айқын жазылған. Ол ойдағыдай орындалған кезде Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы елдердiң бiрiне айналады. Ұлт жоспарының төртiншi қағидаты «Бiртектiлiк пен бiрлiк» деп аталады. Бұл реформаның 85-қадамы қоғамда үлкен серпiлiс туғызған «Мәңгiлiк ел» патриоттық актiсiнiң жобасын әзiрлеудi мiндеттейдi. Бұл бүкiл халқымыз үшiн мәнi зор мiндет. Оны орындауға баршамыз атсалысуға тиiспiз, – дедi Ә.Дөңбай.

Басқосуда спорт саласының мамандары Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысты пiкiрлерi мен ұсыныстарын ортаға салды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1764
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4557
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3559