Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4951 0 пікір 10 Тамыз, 2015 сағат 09:47

СИНГАПУР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫ

Сингапур елі тәуелсіздік жариялануының 50 жылдығын кеңінен мерекеледі, бұл туралды BBC жазды.

Мереке құрметіне аралдық мемлекетте әскери шеру, отшашу және авиашоу ұйымдастырылған. Шеру мен оның әзірлігіне барлық билеттер толық сатылып кетті. Елде мерейтой құрметіне төрт күндік демалыс жарияланды.

Биылғы жылы 1990 жылға дейін елдің премьер-министрі болған Сингапур көшбасшысы, марқұм Ли Куан Юға ерекше құрмет көрсетілді. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап телевидение мен радиодан Ли Куан Ю-дің ел тәуелсізігінің декларациясын оқыған жазбасы берілді.

Сингапурда бүкіл қала қызыл түске малынған, ұлттық киім киінген жүз мыңдаған тұрғындар халық серуеніне қатысуда. Сингапурда тегін концерттер өтуде, авиашоу, ауқымды шеру өтті. Телевидение мен радио Сингапур туралы патриоттық әндер шырқауда.

Сингапур 1965 жылы өзінің тәуелсіздігін алды.  Премьер-министр Ли Куан Ю елді әлемнің бай елдерінің біріне айналдырды. Оның ел басқарған тұсында ел тұрғындарының 90 пайызы өз үйлеріне қол жеткізді, халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 56 мың долларға жетті. 

 Ли Куан Ю биылғы жылы 23 наурызда, 91 жасында өмірден озды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434