ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ОРЫНДА!
С Е Р П I Н I
Облыстар Балдардың Балдардың жалпы
(қалалар) атауы жалпы көлемi көлемi бойынша орны
Оңтүстiк Қазақстан 9,430 1
Қостанай 8,673 2
Ақмола 8,441 3
Шығыс Қазақстан 8,347 4
Алматы 8,325 5
Қызылорда 8,081 6
Жамбыл 8,070 7
Солтүстiк Қазақстан 8,059 8
Маңғыстау 7,724 9
Батыс Қазақстан 7,678 10
Павлодар 7,600 11
Атырау 7,475 12
Астана қ. 7,271 13
Қарағанды 7,067 14
Алматы қ. 6,678 15
Ақтөбе 6,147 16
2014 жылғы индустриялық-инновациялық дамудың жоғары серпiнi бойынша аймақтар арасында Оңтүстiк Қазақстан облысы көш бастап тұр.
ҚР Ұлттық экономика министрлiгi түзген талдамалық мәлiметте өңдеу өнеркәсiбi өнiмiн шығару, негiзгi капиталға салынатын жеке ивестициялардың және шикiзаттық емес экспорттың нақты көлем индекстерi, еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны, жұмыспен қамтылғандар үлесi, iрi және орта кәсiпорындар өндiрiсiнiң рентабельдiлiгi, технологиялық инновацияларға қарастырылған шығын көлемi, инновациялық өнiм көлемiнiң өсiмi, инновациялық белсендiлiк деңгейi, бизнесте тәуекелдiлiкпен айналысатын персонал саны, өндiрiс құралдарының жаңару коэффициентi, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар саны сынды критерийлер негiзге алынып, әр өңiрдiң жиынтық балы шығарылған.
2014 жылдың бағалау қорытындысымен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi қызметiнiң нәтижелiгi 70,57 балды құрады.
"Актiлер мен тапсырмалардың орындалуы" бағыты бойынша нәтижелiлiк – 57,52 балл, "мемлекеттiк қызметтер көрсету" бағыты бойынша –66,13 балл, "персоналды басқару" бағыты бойынша – 74,2 балл, "ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша – 92,38 балл, "құқықтық қамту" бағыты бойынша – 79,38 балл, "стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу" бағыты бойынша – 90,8 балл, "бюджеттiк қаржыларды басқару" бағыты бойынша 33,6 балл болды.
ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi.