Сенбі, 23 Қараша 2024
Даңғыл 3699 0 пікір 9 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ЕЛ АРАЛАССА -ҚҰТ. ОҢТҮСТІКТЕН - СОЛТҮСТІККЕ

Елiмiздегi бүгiнгi демографиялық ахуалға көз жiберсек, Қазақстанның кейбiр өңiрлерiнде туу көрсеткiшi артып, халық өсiмi көбейген. Ендi бiр аймақтарда керiсiнше, елден көшiп кету көбiрек орын алып, жергiлiктi халықтың өсiмi баяулай түскен. Мұның өңiраралық миграцияға терiс әсер етiп отырғаны анық. Бұдан бөлек, iшкi көшi-қонның ырықсыз жүзеге асуы, заңсыз миграцияның етек алуы кейбiр өңiрлердегi, әсiресе, Оңтүстiктегi тығыз орналасқан халықтың еңбек нарығында қиындық туғызары да хақ. Сондықтан ел Үкiметi Қазақстандағы көшi-қон саясатына тұтастай жаңа жобалар енгiзу жұмыстарын қолға алып отыр. Мұндағы басты мiндет – ел азаматтарын ерiктi түрде еңбек ресурстары артық өңiрлерден еңбек тапшылығы сезiлiп отырған аймақтарға қарай экономикалық тұрғыдан оңтайлы етiп орналастыру. Бұл бастамаға алғашқылардың бiрi болып ОҚО әкiмi Асқар Мырзахметов пен Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов қолдау танытып, өзара келiсiм нәтижесiнде екiжақты байланысқа жол ашып отыр. Соның бiр айғағы – өткен маусым айында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Айдарбек Сапаровтың басшылығымен өңiрiмiзге арнайы делегация келiп кеттi. Олар бiрқатар аудандардың тыныс-тiршiлiгiмен танысып қайтқан болатын. Ендi мiне, жуырда облыс әкiмiнiң орынбасары Ерлан Айтахановтың жетекшiлiгiмен арнайы делегация Солтүстiк Қазақстан облысына барып, ондағы қоныс аударушыларға жасалатын жағдайды саралап қайтты. Облысқа қарасты аудан-ауылдарды аралап, олардың көшiп келушiлердi қабылдау мүмкiндiгiн зерделедi.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394