Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4165 0 пікір 1 Тамыз, 2015 сағат 02:00

САРАҒАШТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА ЖЕТКІЗУДІҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi А.Мырзахметов Сарыағаш курорттық аймағында жергiлiктi кәсiпкерлермен кездестi деп хабралайды ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi.

Бүгiнде Сарыағаш демалыс аймағын халықаралық деңгейге жеткiзу мақсатында жаңа жоба әзiрленуде. Алдағы уақытта 600 гектар аумақта заманауи стандартқа сай 1500 орынды курорттық қалашық бой түзейдi. Бұл үшiн кәсiпкерлер жеке-дара оқшауланбай жұдырықтай жұмылып, бiрлесе әрекет жасауы керек. Көгалдандыру мен бассейндер құрылысы жұмысын бастауға облыс қазынасынан қаржы бөлiнiп, кәсiпкерлерге қолдау көрсетiледi. Сондай-ақ, аумақта инфрақұрылым тартылып, су жүйелерi салынбақ.

Алдағы уақытта Шымкентте жаңадан салынатын әуежай мен темiржол, автовокзал курорттық аймақты дамытуға тың серпiн бередi. Себебi, Сарыағашқа жүрдек пойыздар мен арнайы автобустар қатынайтын болады. Жиын барысында iскер азаматтарға осы жоба кеңiнен таныстырылып, олар аталған жоспарға ерекше қызығушылық танытты. Осындағы кейбiр кәсiпкерлердiң минералды суларды бассейндерге қолданатынына тоқталған өңiр басшысы мұның дұрыс еместiгiн қадап айтты. Өз кезегiнде кәсiпкерлер кәрiз жүйелерiн салуға көмек сұрады. Асқар Исабекұлы бұл мәселенiң жобада қарастырылғанын жеткiздi.

Ендi Сарыағаштағы шипалы су әр санаторийге жеке-жеке тасымалданбай орталықтандырылған жүйе арқылы таратылмақ. Сонымен қатар емдiк-сауықтыру орындары мен курорт аумағында балаларға арналған аттракциондар салу, сауда қатарларын шығыс стилiнде қайта құру да қарастырылған. Осы және өзге де жайттарға кеңiнен тоқталған А.Мырзахметов кәсiпкерлердi тек облыс емес, республикамыз үшiн маңызды жобаны бiрлесiп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастаманы кәсiпкерлер бiрауыздан қолдады. Арнайы жұмыс тобы құрылып, оған облыс әкiмiнiң орынбасары С.Тұяқбаев жетекшiлiк ететiн болды.

Демалушылар үшiн қолға алынатын жобаның алғашқы кезеңi биыл басталмақ. Осылайша билiк тарапынан қолға алынған тың тiрлiктiң арқасында Сарыағаштың брендке айналған шипалы суы оңтүстiкке туристердi көптеп тартуға жол ашпақ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320