КЕЗЕКТІ ТҰТЫҚНДАУ. МЕТРОНЫҢ ЭКС-ДИРЕКТОРЫ ҰСТАЛДЫ
Алматы қаласының соты қалалық мәслихаттың депуаты, бұрынғы метрополитен директоры Мұрат Өкшебаевты тұтқындалды. Мұрат Өкшебаевқа көп көлемде ақша жымқырды деген айып тағылған.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Метрополитен" КМК экс-директоры, Алматы мәслихатының депутаты Мұрат Өкшебаевты өткен аптада ұстады. Алайда бұл кеше, 28 шілде күні ғана белгілі болды. Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.
Тұтқындалған соң оның 4 пәтері мен жер учаскесі тәркіленді деп мәлімдеді Алматы қылмыстық істер жөніндегі Медеу аудандық сотында. Ол пәтерлердің– екеуі Астанада, екеуі Алматыда болған. Сонымен қатар Өкшебаевтің Алматыдағы жер учаскесі де тәркіленген.
Абай-ақпарат