Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4331 0 пікір 30 Шілде, 2015 сағат 11:47

ҚАЖЕТТІ НЫСАНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕК

Еліміздің Ауылшаруашылық министрлігі агроөнеркәсіп саласында қызмет етіп жүрген дайындау ұйымдарын қолдау мақсатында есептелген ҚҚС-ғы көлемінде бюджетке төленген ҚҚС-ын субсидиялау Ережесін дайындап, бекітті. Ауыл¬шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаевтің бұл жолғы жұмыс сапары, міне осы мәселеге арналған. Айта кет¬кен жөн, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен мұн¬дай кеңестер еліміздің өзге де облыстарында ұйым¬дас¬тырылған еді. Жетісу аймағындағы бұл жолғы семинар жұ¬мысына инвестициялық саясат және қаржылық құры¬лымдар департаменті директорының міндетін атқарушы Азат Сұлтанов, облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бес¬кем¬пі¬ров, Қарасай ауданының әкімі Аманбай Дәуренбаев қа¬тысты деп жазады «Жетісу» газеті.

Вице-министр бұған дейін Іргелі ауылдық округінің Кемертоған елді мекенінде орналасқан «МедеуКоммерц» ЖШС тауарлы-сүт фермасының өнді¬рістік қызметімен танысқан болатын. Осынау ерекше кәсіпорында «Каз¬Агро¬Финанс» компаниясының қаржылық демеуінің арқасында жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын пайдаланудың толық циклі (өндіріс, өңдеу, өткізу) жүйе¬лен¬уімен қатар, толыққанды жем-шөп базасы қамдалды. Ермек Беделбайұлы кәсіпорынның сиыр қораларын аралап сүт сауу ісімен танысты, жуырда ашылған цехтың сүт өнімдерінің дәмін татты. «МедеуКоммерц» ЖШС сүт өнімдері – айран, сүт, сары май, ірімшікті (Frech House) маркасымен шы¬ғарады. Қазірдің өзінде өз тұ-тыну¬шылары бар.

Вице-министр семинардың үстінде жоғарыда аталған Ережеге сәйкес суб¬сидия алудың жолдарына тоқталды. – Қазіргі таңда өңдеу кәсіпорындары мен дайындау ұйымдары ҚҚС-ғын өзінің айналымынан төлейді. Себебі, шикізатты жеке аулалар мен шаруа қожалықтарынан сатып алады. Ал, олар ҚҚС төлеушілер қа¬тарына жатпайды, – деді Ермек Көшер¬баев. – Бұл өз кезегінде өңдеушілер мен дайындаушылар түпкі өнімінің қым¬бат¬тауына, осыдан барып, бәсекелестіктің төмен¬деуіне апарып соғады. Сол себепті де Ауылшаруышылық министрлігі ҚҚС-ғы көлемінде бюджетке төленген ҚҚС-ғын субсидиялау Ережесін дайындап, бе¬кітті. Осы Ережеге сәйкес дайындау, сақ¬тау және тасымалдау мен тарату ісімен шұ¬ғылданатын заңды тұлғалар сол бұ¬рынғысынша ҚҚС жалпы қабылданған тәр¬тіпте есептейді. Бұл ретте дайындау ұйымының бюджетке төлеген ҚҚС төлемі оған жылдық жалпы кірісінің 90 пайызы ауылшаруашылығы өнімдерін таратудан түскен жағдайда субсидия ретінде қай-тарылады. Сұрақ-жауап кезінде-ақ дайындау бизнесінің өте қажет екендігі байқалды. Сол себепті де дайындау компанияларын құрып, 2016 жылы үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша субсидия алу үшін жергілікті атқару органдарында есепке тұрып, аталмыш бағдарлама аясында жұмыс істеудің мәні зор. Суб¬сидиялаудың шарттарымен толығырақ мына сайт арқылы adilet.zan.kz. танысуға бо¬лады.

А. ИСАЕВА.

Қарасай ауданы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333