БИЫЛ СУ АЙДЫНДАРЫМЫЗДА 387 АДАМ СУҒА БАТҚАН
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитеті, оның аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері суға түсу мауысымын қауіпсіз өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ТЖК жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары 657 адамды, оның ішінде 167 баланы құтқарды, 119 адамға, оның ішінде 32 балаға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді.
Қабылданған шараларға қарамастан, көрсетілген кезеңде еліміздің су айдындарында 387 адам суға батты, оның ішінде 99-ы бала.
Барынша көп қаза болғандар Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
Адамдардың суда қаза болуларының басты себептері қауіпсіздік ережелерін бұзу және су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде суға шомылу, сондай-ақ еліміздің шығыс, батыс және оңтүстік өңірлерінде тіркелген аномальды ыстық ауа райы болып табылады.
Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Комитеттің аумақтық бөлімшелері ішкі істер департаменттерімен бірге демалыс және мереке күндері суда жаппай демалу орындарында демалушы адамдармен қоғамдық жерлердегі жүріс-тұрыс ережелерін бұзуға жол бермеу бойынша рейдтер, сондай-ақ аса қауіпті акваторийлерде патрульдеу жұмыстарын жүргізуде, оның барысында халықпен су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы алдын алу әңгімелері, дәрістері жүргізіледі.
Балалардың судағы өлімін болдырмау үшін, құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері балаларға жүзуді үйрету бойынша жұмыс жүргізді. Балалар білім беретін және спорт мекемелеріндегі хауыздарда үйретілді. 2015 жылдың өткен кезеңінде 4 000-нан аса балаға жүзуді үйрету ұйымдастырылды. Осы бағыттағы жалғасуда.