Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4369 0 пікір 29 Шілде, 2015 сағат 17:01

ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Заманауи даму ағысын ескере отырып қаланың жасыл желегі пен сәулеттік бірегейлігін сақтауы бас жоспардың ерекшелігі болып отыр. Бас жоспарда жаңа мәдени нысандар, атап айтқанда театрлар, цирк, зообақ салу жоспарланған.

2035 жылға дейін қамтылған жаңа бас жоспардың презентациясы Астана қаласында өтті. Таныстырылым барысында алғашқы сөзді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов алып, облыс орталығындағы халық санының белсенді өсуі мен экономикалық саланың тұрақты ілгерілуі туралы айтып өтті.

Жаңа бас жоспардың жобасын Талдықорған қаласы әкімінің тапсырысы бойынша «Урбостиль» ЖШС дайындады. Аталмыш ұйымның директоры Любовь Нысанбаеваның айтуынша, жоспарда тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән берілген. Қаланың әрбір ауданына жүзу бассейні, спорт кешені, ролик тебуге арналған скверлер, «стрит воркутқа» арналған турникеттер салу жоспарланған. Сол сияқты велотрек құрылысын жүргізу межеленіп отыр. Базар мәселесі бірыңғай заманауи сауда кешенін құру арқылы шешімін табатын болады. Сөйтіп, қаланың жаңа келбетін қалыптастыруда халық санының өсімі, экономиканың дамуы, жаңа өндіріс орындарының пайда болуы ескеріле отырып, экология, қала көшелері мен жолдарын дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген.

Жалпы облыс орталығының Астана қаласында таныстырылған бас жоспары министрліктер мен ведомстволар өкілдері тарапынан оң бағасын алды. Енді қаланың бас қалақұрылыстық құжаты ел Үкіметінің алдында министрліктердің келісімін алуы тиіс.

Дереккөз: Baq.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371