Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4614 0 пікір 29 Шілде, 2015 сағат 15:06

ДАИШ құрамында 100-ден аса елдің азаматтары соғысуда

Қазіргі уақытта ДАИШ құрамында 100-ден аса елдің азаматтары соғысып жатыр. Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников осындай хабар таратты.

"Неофиттердің шығатын елдерінің географиясы кеңейіп жатыр, жиһадқа кететіндердің әртүрлілігі мен түрлі ұлттан және әлеуметтің түрлі деңгейінде екендіктері ДАИШ-тың насихат майданында күшейіп кеткенін көрсетіп отыр, олар бұл салада белсенді әрекет етіп жатыр және өзінің "күн тәртібін" таңады", - деген tengrinews.kz сайтының жазуынша, ФҚҚ директоры.

Оның айтуынша, бұл лаңкестік ұйым насихат саласында күшейді, ал әлемде қажетті шаралар кешігіп жүргізіледі.

"Осыны пайдаланған исламшылар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада тұрақтанып алып, Еуропа мен Азияға бағыт алып отыр. Содырлар нүктелі соққылар жасау әдісінен толықмасштабты әскери операцияны жүзеге асыру мен қауіпті қаруларды қолдану арқылы әскери әрекетерге көшті", - деді Бортников.

ДАИШ(الدولة الإسلامية في العراق والشام) Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338