Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 5902 0 пікір 29 Шілде, 2015 сағат 14:19

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС РЕФОРМАСЫ

 

Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы, 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру – осы қадамдарды түсіндіру Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығында кездесудің басты мақсаты болды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Президенттің реформаларын түсіндірді.

 Зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлерімен, мемлекеттік қызмет алушылармен, Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин қатысты.

 Іс-шара барысында зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңына байланысты ұсыныстар берді.

 Сондай-ақ, Мақсатхан Анапин келешекте мемлекеттік қызметте мансапты модельге көшу, ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру туралы айтып өтті.

 Кездесу аяғында, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын факторлы-балдық шәкілі арқылы төлеуіне көшу туралы айтылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333