Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4322 0 пікір 24 Шілде, 2015 сағат 14:31

ЕЛДЕГІ ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСШЫЛАР 63 МЫҢНАН АСПАУЫ КЕРЕК

Шетелден елімізге келіп жұмыс істейтін шетелдік мамандардың саны 63 мыңнан аспауы керек. 1 шілдедегі жағдайға сәйкес, елімізде нақты рұқсаттамалар негізінде 38 346 шетелдік маман жұмыс істеп жүр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біріншіден, біздің елімізде бүгінгі күні шетелдік жұмыс күштерін тарту тәртібі қандай деген сұраққа жауап берсек. Бізде сыртқы еңбекке қатысты көші-қон саясатының қағидаты бар. Біріншіден, ол біздің ішкі еңбек нарығымызды қорғау, екіншіден, елімізде жаппай жүріп жатқан индустриялық бағдарламаға сәйкес шетелдік мамандарды тарту болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде шет елдік жұмыс күшін тартуға квота беріледі. Сонымен қатар, оларға арнайы рұқсаттама беру тәртібі бар. Квотаны үкімет белгілейді, квота дегеніміз – біздің елімізде жұмыс істеуге мүмкіндік алған шетелдік мамандардың жалпы санының жоғарғы шектеуі. Квотаны біздің министрлік өңірлерге бөледі, өз кезегінде өңірлердегі атқарушы органдар жұмыс берушілердің өтінішін арнайы комиссияларда қарап, оларға тиісті рұқсаттама береді», - деп атап өтті Б.Нұрымбетов.

Оның айтуынша, 2015 жылға біздің елімізде шетелдік жұмыс күштеріне берілетін квота экономикалық белсенді халықтың 0,7 пайызын құрайды. Бұл – 63 мың адам. 

«Яғни, елімізде жұмыс істейтін шетелдік мамандардың саны 63 мыңнан аспауы керек. 1 шілдедегі жағдайға сәйкес, елімізде нақты рұқсаттамалар негізінде 38 346 шетелдік маман жұмыс істеп жүр. Олардың 63 пайызы жоғары білікті мамандар. Қалған 37 пайызы білікті және маусымдық жұмысшылар болып табылады. Елімізде осындай рұқсаттама негізінде 144 елден мамандар жұмыс атқарып жатыр. Олардың 60 пайызы құрылыс саласында жұмыс істейді»,-деп толықтырды вице-министр.

Еске сала кетсек, Abai.kz сайты елімізге Қытайдан келіп жатқан жұмысшылардың саны өсуіне байланысты алаңдаушылық білдірген еді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371