Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4569 0 пікір 23 Шілде, 2015 сағат 13:18

ЕСІМОВ АЛМАТЫҒА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін таңертең қалалық мәслихатта қалада төтенше жағдай режімі жарияланғанын мәлім етті.

«Бүгін таңертеңгі сағат 06:20-да оқиға болған аймақты тікұшақпен аралау барысында 3500 метр биіктікте мұздықтар мен мореналық көлдер басталатын тұста ауа температурасы 11 градус болды. Сол көлдердің бірінің табаны бұзылып, суы бөгетке қарай аққан. Қарғалы өзеніндегі бөгет жартысына дейін суға толды. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығынның көлемі есептелуде. Төтенше жағдай жарияланған жағдайда зардап шеккендерге қажетті сома бөлінеді», - деді А.Есімов.

«Бұл сел тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалып отыр. Төтенше жағдай аясында 2 млрд. теңге бөлінді», - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 806
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778