Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 4023 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 12:21

award.kz интернет-жүлдесінің жыл сайынғы 8-ші конкурсы басталды

Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ - Әділ Урманов. award.kz интернет-жүлдесінің жыл сайынғы 8-ші конкурсы басталды, деп конкурс ұйымдастыру комитетінің тең төрағаларының бірі Константин Горожанкин мәлім етті.

«Біз award-2010 конкурсына қатысуға өтінім қабылдауды бастадық», - деді К. Горожанкин сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Байқау 5 кезеңмен өтеді. Өтінімдер 15-ші қыркүйекке дейін қабылданады да, екінші кезеңде номинанттардың кеңейтілген тізімі іріктеледі. Жеңімпаздарды анықтау 31-ші қазанға жоспарланған. Жеңімпаздарды марапаттау 17-ші қарашада өтпекші.

Қазақстандық жобалар он негізгі және жеті қосалқы номинацияда үздік атануы үшін таласады. Конкурсқа қатысушыларды іріктеу үш критерий бойынша жүргізіледі, дейді К. Горожанкин. Олар - балама мазмұны, дизаин мен технологиялық сипаты. Бұрынғы конкурс тәжірибесі көрсеткендей, бағалаудың мұндай түрі өте өміршең екендігін көрсетті, дейді ол.

«Қазақстан интернет-қауымдастығының» атқарушы директоры Александр Ляховтың пікірінше, қазнет ойыншылары мен конкурсқа қатысушылардың дамып отырғаны айдан анық. 2009 жылы конкурсқа 955 веб-жобалар қатысса, олардың 855-і одан кейінгі жобаларда күресуді жалғастырды. Былтыр конкурстың нағыз жаңалығы www.vrt.kz болды. Ол 3D-графикті пайдалана отырып, виртуальды турлар өткізеді. Сайтты жасаушылар «Жеке беттер, танысулар мен сұхбаттасу», «2009 жылдың жаңа ашылған сайты» мен «award.kz 2009-дың ең үздік сайты» номинацияларында жүлде алды.

Аward.kz өз алдына көркемдік, технологиялық және әлеуметтік-мәдени тұрғысынан  қазнеттің ең үздік интернет - ресурстарын іріктеу мақсатын қояды. Байқауға келесідей шарттарды қанағаттандыратын кез келген интернет-ресурс қатыса алады: kz доменінде болуы тиіс, Қазақстан туралы айтуы тиіс, ресурсты қазақстандықтар жасауы тиіс.

0 пікір