Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Билік 6182 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 18:04

ЕЛІМІЗДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ӨНДІРІСТЕРІН АШАДЫ

ҚР Инвестициялар және даму министрілігі 10 ірі трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық туралы нақты уағдаластықтарға қол жеткізді, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында инвестициялар даму министрі Әсет Исекешев.

Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың өндіруші және өңдеуші секторларында ТҰК қатысуымен 46 ірі жоба жұмыс жасап жатқаны белгілі. Өткен жылы олар жалпы сомасы $3,7 млрд. құрайтын өнімді өндірген болатын.

«Елбасының экономиканың басым салаларына «зәкірлі» инвесторларды тарту жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып, біз 26 ірі шетелдік корпорациямен келіссөз жүргіздік. Олардың 10-мен Қазақстанда жаңа өндірістерді ашу жайлы нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді», - деді министр. Осыған орай Әсет Исекешев осы жылы шетел капиталының қатысуымен жеті жаңа кәсіпорын ашылғанын еске салып өтті.

«Қазақстан инвестицияларды салу үшін ең тартымды елдердің бірі болып табылады. Біз өтпелі экономикалы мемлекеттер арасында инвестициялық тартымдылығы жағынан әлемде екінші орынды аламыз. Соның нәтижесі ретінде атасақ, өткен жылы жалпы инвестициялардың көлемі 53%-ға өсті», - деп қорытындылады спикер.

Орталық телекоммуникациялар қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1704
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4462
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454