Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3261 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 14:04

ПРОКУРОРЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ СУДЬЯЛАРҒА ЖҮКТЕЛМЕК

Еліміздің бас прокуратурасы өзінің міндеттерін кезең-кезеңмен сот органдарына жүктемек. «24 арна» хабарлауынша, бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Дауылбаев алқа отырысында мәлім етті. Оның айтуынша, бұл шаралар айыптау мен қорғау арасындағы тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында прокуратура мемлекеттік басқару, әділ сот жүйелерін реформалау бойынша ұсыныстарын әзірледі.

«Біз алқа билері институтын жетілдіру, прокуратураның тергеу функцияларын судьяларға жүктеу, прокурордың кейбір азаматтық-құқықтық дауларға қатысуын шектеу бойынша ұсыныстар әзірледік. Осы реформаларды жүзеге асыру барысында біз үшін қоғамдық пікір өте маңызды. Сондықтан халық өзінің ұсыныстарын жолдайтын арнайы сайт құрмақшымыз», - дейді Дауылбаев.

 

Абай-ақпарат

0 пікір