Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3904 0 пікір 14 Шілде, 2015 сағат 08:49

ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОДАН 330 МИЛЛИОН ТАБЫС ТАБАДЫ

Қазақстан халықаралық “ЭКСПО-2017″ көрмесін өткізу барысында демеушіліктен, билет сатудан, тамақтандырудан, қызметтер көрсетуден 330 млн евроға жуық кіріс алуды көздеп отыр. ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, бұл туралы Елбасы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы жөніндегі кеңесте жария еткен.

“Жария етілген Тіркеу досьесіне сәйкес, біз демеушіліктен, билет сатудан, тамақтандырудан, қызметтер көрсетуден 330 млн евроға жуық кіріс алуды көздеп отырмыз. Бұл ретте жаһандық демеушілермен арада келісімдерге қол қою «ЭКСПО-2017» көрмесінің кірістілігі мәселесін оң шешу үшін басты мәселе болып саналады. Досье жоспары бойынша, біз тек демеушіліктен, соның ішінде «ЭКСПО»-ның жаһандық 8 серіктесін тартудан 200 млн евродан астам қаражат табуға тиіспіз, – деген өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ президент, еліміздің халықаралық имиджі маңызды мәселе болып саналатынын да атап өткен:

“Өте аз уақыт қалды. Барлық мемлекеттік органдар белсене, келісе отырып жұмыс істеуі керек. Үкіметке және кеңеске қатысушылардың барлығына алға қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Көрмені лайықты деңгейде өткізу керек. Бұл біздің қолымыздан келетінін білемін. Бүгінде жағдай жеңіл емес, біз Ұлттық қордан қаражат бөліп отырмыз, әр теңгені тиімді жұмсау қажет. Сондықтан еліміздің игілігі үшін бірлесе жұмыс жүргізген жөн”, – деді президент.

Оның айтуынша, халықты жайғастыру орындарын, көлікті, логистиканы, жол бойы инфрақұрылымын дамытуды қамтитын өңірлік туристік бағдарларды нақтылаған жөн. Туристердің әртүрлі бағыттар бойынша Қазақстанның өзге де өңірлеріне бару мүмкіндіктерін алдын ала ойластыру керек. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына «Эйр Астана» және «Қазақстан Темір Жолы» компанияларымен бірлесіп, ұшақ және теміржол билеттерінің көрмеге тегін бару құқығын қамтуы мәселесін пысықтауды, мұндай жұмысты өзге де авиакомпаниялармен жүргізген жөн екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев компанияның салынып жатқан «Mega» атты сауда-сауық кешенін «Жібек Жолы» (Silk Way) деп атауды ұсынған.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504