QAZAQ AIR ӘУЕКОМПАНИЯСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Астана әуежайында «Qazaq air» әуе компаниясының тұсаукесері өтіп, компанияның алғашқы жаңа буындағы Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы Алматыдан Астанаға ұшып келді.
Qazaq Air авиакомпаниясының маршруттық желісі Қазақстан өңірлері арасында көп бөлігін қонбайтын ұшырылымдар құрайтын 12 бағытты қамтиды, бұл ақпаратты бүгін авиакомпания баспасөз қызметінің баспасөз конференциясының алдында таратты.
Қазіргі сәтте әуекомпания өз қызметінің бірінші кезеңінде мына маршруттарға қызмет көрсетеді:
- Алматы-Қостанай - аптасына 3 рейске дейін;
- Алматы-Шымкент - аптасына 8 рейске дейін;
- Алматы-Павлодар - аптасына 3 рейске дейін;
- Алматы-Астана - аптасына 7 рейске дейін;
- Шымкент-Павлодар - аптасына 2 рейске дейін;
- Шымкент-Қызылорда - аптасына 3 рейске дейін;
- Шымкент-Ақтөбе - аптасына 3 рейске дейін;
- Ақтөбе-Қостанай - аптасына 3 рейске дейін;
- Ақтөбе-Атырау - аптасына 3 рейске дейін;
- Алматы-Талдықорған - аптасына 3 рейске дейін;
- Алматы-Балқаш - аптасына 3 рейске дейін;
- Астана-Балқаш - аптасына 3 рейске дейін.
Ұшырылымдардың орташа ара-қашықтығы 800 шақырымға жуық. Бірінші рейсті ұшырған сәттен бастап жыл ішінде ұшаққа орташа ұшу уақытын тәулігіне 7,3 сағатқа дейін жеткізу жоспарлауда, бұл күніне 4 рейсті орындауды қамтиды. Жолаушылар ағыны шамамен 200 мың адам деңгейінде болжануда.
Авикомпанияда билет бағасы қазақстандықтар үшін барынша тартымды болатынын атап өтті. «Bombardier Dash 8 Q40 өңірлік ұшағы үнемді ұшақ. Бұл ұшақтардың флоты авиакомпанияға аз жолаушылар ағынымен Қазақстан бойынша ұшырылымдарды тиімді орындауға мүмкіндік береді», - деді авиакомпания жобалау директорының баспасөз қызметінің маманы Блэр Поллок.