Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3970 0 пікір 10 Мамыр, 2009 сағат 21:49

Премьер нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі орташа мерзімді бағдарламаның жобасын қолдады

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – ҚР п ремьер-министрі Кәрім Мәсімов нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі орташа мерзімді бағдарламаның жобасын қолдады, деп хабарлады жұма күні үкіметтің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, К.Мәсімов нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес мәселелері жөніндегі кеңес өткізді. Кеңеске қатысушыларға 2009-2011 жылдарға арналған ұлттық бағдарламаның жобасы таныстырылды.

«ҚР премьер-министрі нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі орташа мерзімді бағдарламаның жобасын қолдап, есірткі трафигіне қарсы тұру үшін Қазақстанның оңтүстік шекараларын нығайтуға баса назар аударып, күш жұмсауды тапсырды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Хабарламада атап көрсетілгендей, бағдарлама есірткінің заңсыз айналымымен күресу үшін тиімді шараларды белгілеуге, олардың қазақстан аумағы арқылы транзитіне тиімді кедергілер құруға бағытталған.

Сондай-ақ, үкіметтің баспасөз қызметі К. Мәсімовтың төрағалық етуімен дағдарысқа қарсы кеңестің кезекті отырысы өткенін хабарлады, оның барысында экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуына қатысты мәселелер талқыланды.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2761
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1876