ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
Тұтас алғанда, Қазақстандаңғы 1916 жылғы көтерілістің отаршылдыққа қарсы және феодализмге қарсы сипаты болды, оның негізгі қорғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болған еді.
Ресейдің отаршыл патшалық үкіметінің қарсы қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көпшілікке белгісіз, тарихи ақтаңдақтардың бірі-патшаның «25 маусым жарлығы» бойынша жасы 19 бен 31 жас аралығындағы «соғыс жүріп жатқан жерлердегі майданның қара жұмыстарына» барған қазақ жігіттерінің тағдыры, олардың елден тыс алыста қандай жұмыстар істегені, майдан шебіндегі қандай жерлерінде болғандығы туралы белгісіз деректер болып табылады.
Ресей патшасы II Николай Министірлер Советінің ұсынысымен 1916 жылы маусымда бұратына халықтардың ер адамдарын бекініс құрылыстарын және байланыс жолдарын салу үшін майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарады. Осы жарлық бойынша, 19 бен 43 жас аралығындағы бұрын әскер міндетін атқармаған Астрахань, Сібір, Сырдария, Орал, Торғай және Закаспий облыстарының, Кавказдың Тер және Кубань облыстарының халықтары реквезицияға ұшырады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс проблемалары географиялық жағынан да өте тар шеңберде қарастырылады: негізінен көтерілістің Жетісу ошағы мен Торғай орталығына баса назар аударылды. Қазақстанның батыс аймағы бойынша, өкінішке орай, толыққанды зерттеулердің осы күнге дейін жоқтығын айтуға тура келеді. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Торғай және Орал облыстары бойынша 1916 жылғы көтеріліс зерттеу қазіргі Қазақстанның Батыс аймақтарындағы ұлт-азаттық қозғалыс ерешеліктерін ұғуға мүмкіндік береді. Патша жарлығы бойынша «соғысып жатған армиялар қатынастар орнату» жөніндегі жұмыстар үшін Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
Соның ішінде Түркістан бойынша: Сырдария облысы-87 мың адам, Жетісу облысы-60мың адам, Ферғана облысы-50 мың, Самарқанд облысы-38 мың адам, Закаспий облысы-15 мың. Ақмола облысы-48316 адам, Семей облысы-85479 адам, Орал облысы-50270 адам, Торғай облысы-49489 адам. [1]
Патша жарлығын жүзеге асыру үшін Қазақстанның батыс аймақтарында да шұғыл түрде әскери-әкімшілік шаралар қолға алынды. 1916 жылғы 25 маусым жарлығы Торғай, Орал облыстарына 28-29 маусым күндері телеграф арқылы жеткізеді. Ресей ішкі істер министрлігінің 1916 жылғы 8 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Орал облысынан 50270 адам, Торғай облысынан — 49489 адам майданының қара жұмыстарына алынуға тиіс болды. Сөйтіп, Қазақстанның батыс аймағынан 1916 жылғы жарлық бойынша, шамамен 90 мыңдай адам жұмысқа алынуы тиіс болды. Оның ішінде Ақтөбе уезінен 12895, Ырғыз уезінен 12510, Орал облысының 4 уезінен 50270, Маңғыстау уезінен 3 мың адам тізімге ілінді. Майданға алынған қазақ жігіттері, негізінен Солтүстік, Батыс, Оңтүстік-Батыс және Кавказ майдандарында, яғни Ресей, Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказ территориясында майданның азапты қара жұмыстарын атқарған. Темір жол, ішкі істер министірлігі т.б. ведомстволарының қарамағына бөлінген қазақ жігіттері Ресейдің ірілі-уақты станциялары мен бекіністеріне жіберілген. Қызылордадан жұмысқа алынған 1088 қазақ Новосибирск және Томск губерниясында темір уезінен жұмысқа алынған 900 қазақ жігіттері. Дэпо станциясында, 160 қазақ Валдай станциясында вагондардан жүк түсіру жұмыстарын атқарған, Бөкей Ордасынан 1500 қазақ – Рязань губерниясында ағаш дайындау істерімен айналысқан.
Кейінгі тарихи оқиғалар Алаш қозғалысы лидерінің патша жарлығына қарсылықсыз көнуі туралы пікірінің дұрыстығын дәлелдеді. Қазақстанның барлық территорясында, соның ішінде Батыс Қазақстанда болған көтеріліс пен толқулар көтерілісшілерге ойдағыдай толық нәтиже берген жоқ. Патша үкіметі алдын-ала ойластырып, қазақтарды қарудың күшімен белгілі бір мөлшерде тыл жұмыстарына баруға көндірді. Мобилизацияға ұшыраған жігіттерді сауатты азаматтар бастап, олардың жағдайын септігін тигізді. Көптеген жұмысшылар майдан даласында солдаттармен араласып, жалры бірінші дүние жүзілік соғыс, патшалық Ресейдің әлеуметтік саяси-экономикалық жағдайы туралы көп түсінік алды. Солардың көпшілігі Қазақстанның батыс бөлігінің жігіттері еді. 1916 жылғы көтеріліс мәселелерінің тереңірек түсіну үшін, кеңес үкіметінің тоталитарлық режимінің қатаң цензурасына байланысты осы уақытқа дейін көпшілікке белгісіз болып келген М.Шоқай, Б.Хайт сияқты ұлт зиялыларының еңбектерінің маңызын бөліп айтқан орынды. [2]
Бұл еңбектерде нақтылы деректер арқылы 1916 жылғы көтеріліс Ресейдің үстемдігіне қарсы болған бұқаралық көтеріліс деп бағаланып, оның негізгі шығу себебі елдің отарлық қанауға ұшырауына байланысты деп атап көрсетіледі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің алуы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көптеген даулы мәселелері мен «ақтандақтар беттерін» тарих шындығы тұрғысынан зерттеп баяндауға мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты қазақ ауылының көтеріліс алдындағы ерекшеліктері, Қазақ инттеллигенцыясының көтеріліске деген көзқарасы, патша жарлығы жарияланғаннан кейінгі әртүрлі әлеуметтік топтардың бірігу дәрежесі, көтерілісші сарбаздар мен олардың отбасыларының Қазақстаннан тыс жерлерге кетіп қалу жағдайлары және оның себептері, майданның қара жұмысына алынған жігіттердің тағдыры т.б. көптеген мәселелер қазақ халқының тарихына жаңа көзқарас тұрғысынан жазыла бастады. К.Нүрпейісов «Азаттық үшін арпалыс» деген мақаласында көтерілістің Торғай және Қазақстанның басқа аймақтарындағы оқиғаларды сипаттай келіп: «Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен аш-жалаңаштылықтың өріс алуы, міне, осының бәрі еңбекші бұқара тарапынан жаппай наразылық тудырады.
1916 жылғы көтеріс кең байтақ өлкенің барлық аймықтарын қамтып, бүкіл қазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік халық жат саясатқа қарсы бағытта өрбіді», — деп тұжырым жасайды.[3] Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалыстарын шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтеріліс дүниежүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Бұл жерлерінің империализмнің жалпы ресейлік системасына мықтап соққы болып тиді. Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да, Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды. Көптеген аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. Алайда, көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда тұрақты, жеткілікті біріккен басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқасының таптық сана-сезімін арттыруда зоррөл атқарды. Көтеріліс негізгі қорғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық инттелигенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғанадар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.
Алайда 1916 жылғы көтерілісі жеңіліске ұшырады. Себебі ол алдын-ала жоспарланған бас көтеру емес еді, көтерілістің жеңілуі заңды құбылыс еді. Оның негізгі себебі, көтерілістің-елдің ең сапалы құбылысы еді. Бастауыш тобы ұлт зиялыларының қолдауына ие болмады. Қазақ интеллигенйиясы орыс империясының өзінің отаршылдық саясатын жүзеге жолында халықты қару күшімен аяусыз басып-жаншу әрекеті қолданатынын түсініп, елді бүлікшіліктен сақтандырды, көтерілістен бас тартуға шақырды. Бұл кезде елді тәуелсіздікке бастап егемендік мақсат-мұратқа жеткізетін саяси күш әлі де толық қалыптаспады. Сондықтан көтерілісшілер тарихи дәстүрмен хандықтар мен хандарды қайта құру әдісімен отаршылдыққа қарсы күресті. Бірақ бұл әдіс тарихтың жаңа мақсаттары мен мұраттарын іске асырмады.
Көтеріліс жазалаушы отрядтардың күшімен басылды. Жігіттер еріксіз майдан жұмыстарына алынды.1916 жылғы көтеріліс сол тұста қазақ қоғамында феодалдық-пиатриархалдық қатынастардың әлі де болса күштілігін аңғарды.
Дегенмен, 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде патша жарлығы жартылай ғана жүзеге асты, империялық саясаттың негізіне елеулі соққы берілді. Қазақтың ұлт-азаттық қазғалысы 1916 жылғы оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік құрылыстың жаңа заманға сәйкес түрін келесі 1917 жылға мақсат етіп қойды, сөтіп 1916 жылғы көтеріліс ұлт-азаттық күрестің жолайырық кезеңіне айналды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күрестің жалпы тасқынына ұласты.
Журкабаева Р. К. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Техникалық Университет Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы