Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 8206 0 пікір 1 Шілде, 2015 сағат 07:08

«АБАЙ» ШЫҢЫНА ШЫҒУДАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

4 шілде күні Алматыда «Шымбұлақ» таушаңғы базасында Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай» шыңына (4010 м) бұқаралық көтерілу шарасы мен биіктікке жүгіруден жарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шараға кез келген ниет білдіруші тұрғын қатыса алады. Альпиниада бағдарламасы бойынша жарыс Шымбұлақтан (2200 м) басталып, Талғар асуы (3200 м), Богданович мұзарты, Абай шыңы (4010 м) бағыты арқылы өтеді. Шараны құтқару қызметі мен альпинист-құтқарушылар бақылайды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Абай» шыңына көтерілген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1077
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2630
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 753
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 720