Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5945 0 пікір 1 Шілде, 2015 сағат 05:19

«ШЫНДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ»: КИІКТЕР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ?

«Шындық экспедициясы» өзінің тоғыз күнге созылған жұмысын қорытындылайды.

Жиын, бейсенбі, 2-ші шілде күні, сағат 11.00 де Астана қаласы, Есенберлин көшесі 7-үй, «Ақ жайық» қонақ үйінің бірінші қабатындағы мәжіліс залында өтеді.

Жиында «Шындық экспедициясының» мүшелері арнайы түсірілген видео, фото материалдарды ұсынып, киіктердің, малдың, аңдардың жаппай қырылу себептері туралы өз ойларын ортаға салып, жинаған ақпараттарымен бөліседі.

Сонымен, жүз қырық мыңнан аса киік, жүздеген мал, аңдардың қырылу себебі не? Гептил ма, әлде, пастереллез бе?

Шындық іздеген журналистерді, блогерлерді, ғалым-мамандарды, ҚР Энергетика, Инвестициялар және даму, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы және Білім және ғылым министрлiгiнің басшылары мен өкілдерін шақырамыз.

Осы уақытқа дейін жинақталған дәйеккөздер мен материалдарды ортаға салып, ақ пен қарасын айыра отырып, ақиқатына жетуге ат салысайық!

Байланыс тел: 
87019997868 (Мақсат Ілиясұлы), 
87076945331 (Болатбек Блялов), 
87055840513 (Асхат Рахимжанов)

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723