РЕСЕЙ ЕЭҚ ҰЙЫМЫ НАЗАРБАЕВТЫ ҮЛКЕН АЛТЫН МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАДЫ
29 маусымда Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты «әлемдік экономиканың дамуына, тарихи маңызды бастамалары мен интеграциялық үдерістердің қалыптасуы және оны жетілдіру саласындағы жоғары жетістіктері, Еуразия экономикалық одағының дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін» Еркін экономикалық қоғамдастықтың (ЕЭҚ) Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Награданы табыс еткен Еркін экономикалық қоғамдастығының басшысы, белгілі ресейлік экономист, Мәскеудің алғашқы әкімі (1991-1992) Гавриил Попов өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің ЕЭҚ Үлкен алтын медалімен марапатталған тұңғыш шетелдік азамат екенін айтты.
Осы наградамен марапаттау туралы шешімді қабылдағанда, біз, біріншіден Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі заманғы экономикалық үдерістердің дамуына қосқан үлесін есепке алдық. Нұрсұлтан Әбішұлы индустриалды қоғамынан индустриалды дамыған қоғамына көшудің проблемаларын теориялық негіздеме берген бірінші ірі саясаткерлерінің қатарына кіреді.
Екіншіден, Қазақстан Президенті дүниежүзілік қоғамдастық бір аймақты емес, керісінше бір бірімен бейбіт әрі тығыз байланыста болған көптеген қоғамдастықтардан қалыптасқаны жөн деген түсінушіліктің пайда болуына маңызды үлес қосты. Қазіргі кезде барлығымыз оның жобасы бойынша құрылған Еуразия экономикалық одағына куә болып отырмыз.
Үшінші себебі, ол қазіргі қоғамда болып жатқан ішкі ұйымдастыру үдерістерімен байланысты болуда. Поповтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев басынан бастап аумақтық ерекшеленуден бас тартып, ұлт мәселесін шешу жолында ұлттық-мәдени автономияға басымдық беруге негізгі көңіл бөлуде. Ресейде, Югославияда орын алған оқиғаларды зерттей отырып, және қазіргі – Испания мен Каталониядағы, Ұлыбритания мен Шотландиядағы жағдайларға қарап, Қазақстан көшбасшысының ұстанымы дұрыс болғанын көрудеміз.
Төртіншіден, Ресей және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тұрақты түрде дамуына және нығаюына Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді, - деді ресей академигі.
Өз кезегінде, Медальды қабылдаған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Г.Поповқа ҚР Президентінің экономика ғылымдағы қызметіне жоғары баға бергені үшін алғысын айтты. - Бүгінгі марапат жай құрмет көрсету ғана емес, бұл Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық диалогың нығаюына, Ресеймен тату көршілес қатынастардың дамуына қосқан аса зор ғылыми және тәжірибелік үлесін мойындау белгісі болып есептеледі, - деді Елші.
Марапаттау рәсімі соңында Марат Тәжин ЕЭҚ өкілдерін биылғы жылы Қоғамдастықтың 250-жылдығымен құттықтап өтті.
Салтанатты іс-шараға Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері де қатысты.
Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз-қызметі
Abai.kz