Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4738 0 пікір 25 Маусым, 2015 сағат 18:51

КЕЛІМБЕТОВ: ҚАЗАҚСТАН - ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕКІНШІ СИНГАПУР

Bloomberg агенттігіне сұхбат берген Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов: «Қазіргі кезде Қазақстанды Орталық Азиядағы екінші Сингапур деп санайды. Бізде бұрынғы кеңестік республикалар елдерінің арасында ең бәсекеге қабілетті экономика бар» деген.

Ол сұхбатында, «Қазақстан жаңа ақша саясатына көшті. Бекітілген қатаң валюта бағамынан оралымды бағамға көшуге тырысуда. Бұл үдеріс орташа есеппен 5 жылды алады», - дей келе,  Қазақстандағы Ұлттық банктің жұмыс бағыттарының бірі Астанада халықаралық қаржы орталығын дамыту екенін атап өткен.

Bloomberg - кәсіби қаржы нарықтары қатысушылары үшін жетекші қаржы ақпаратын екі жеткізушінің бірі. Негізгі өнімі - Bloomberg Terminal, ол арқылы барлық әлемдік биржалардың, биржадан тыс нарықтардың дерлік ағымдағы және тарихи бағаларына, Bloomberg агенттігінің жаңалықтар лентасына және басқа да жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарға, электрондық сауда жүйесіне қол жеткізуге болады. Агенттіктің арнайы телеарналары, журналдары, сайттары, ұялы қондырғылары және өз радиосы бар.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006