Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 4126 0 пікір 27 Мамыр, 2010 сағат 09:09

ҚР Ұлттық банкі салмағы 1 кг болатын күміс «Барыс» монетасын шығарды

Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ - ҚР Ұлттық банкі инвестициялық күміс Т5 мыңдық, салмағы 1 кг болатын «Барыс» монетасын шығарды. Ұлттық банк сайтында осындай ақпарат жарияланды. 

Хабарда айтылғандай, монета 925-ші сынамадағы күмістен 700 дана тиражбен шығарылды. Бұл ретте ішкі нарыққа 200 данасы арналды. Монетаның диаметрі 100 мм.

«Тиынның бетінде орталық бөлігінде ою бедерінің бетінде ҚР елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында «5000 теңге» деп жазылған... Тиынның сыртқы бетінде жартас тау сілемдерінің бейнесінде екі барыстың бейнесі бедерленген. Бейненің оң жағында «2009» деген монетаның шыққан жылы туралы жазу бар.

Тиынның айналасында «Барыс» деп мемлекеттік тілде, латын тілінде аңның зоологиялық аты «Uncia Uncia» деп жазылып, оларды айнала ернеу бедері бар», - делінген Ұлттық банк хабарында.

0 пікір