Мәжіліс акциялардың мемлекеттік пакетін ақысыз түрде беруге және кепілдікке қоюға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Парламент мәжілісі бейсенбі күні кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік мүлік туралы» заң жобасын және заңнамаға ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
«Мемлекетке тиесілі акцияларды ақысыз түрде беруге және кепілдікке қоюға заң жүзінде тыйым салынады. Ұлттық компаниялардың ұлттық холдингтердің жарғылық капиталына берілген акцияларын басқару мүмкіндігіне шектеу енгізіледі», - деді экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишімбаев заң жобасын депутаттарға таныстыра отырып.
Оның айтуынша, заң жобасында мемлекеттік кәсіпорын басшысының жарғыға қайшы қызметі үшін материалдық жауапкершілігі қарастырылған.
Мәжілістің салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, заң жобасының баптары «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингіне, оның компаниялар тобына және ол бақылайтын басқа да заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.