Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3891 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Айтыс өнері — қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес. Топырағы киелі Арыста қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен көп жылдардан бері дәстүрлі түрде облыстық жас ақындар айтысы өткізіліп келеді.
Бүгін, ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет үйінде «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында облыстық деңгейде жас ақындар айтысы өтті.
Қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбеков айтысты ашып, жас ақындарға ақ жол тіледі. Айтысқа қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, ақын М.Дәрменов, ақын-ұстаз Р.Сұлтанәлиева қазылық етті.
Айтысқа қатысқан 8 жұп, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, белгіленген тақырып аясында бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, көрермендерді жалықтырмай желпіндіріп отырды.
Нәтижесінде бас жүлдені шымкенттік Ақсақалов Дәурен қанжығасына байласа, бірінші орынды түркістандық Тұрар Тілеулиев, екінші орынды қазығұрттық Қуандық Қалыбеков алса, үшінші орынды арыстық Нұрсұлтан Маханов және отырарлық Дәурен Полатбековтер өзара бөлісті.
Арыс қаласы әкімінің арнайы сыйлығын төлебилік Рахматуллаев Бекарыс жеңіп алды, ал, ордабасылық Батахаева Диана «Ең жас ақын» номинациясымен марапатталды.
Айтысқа қатысқан жас ақындардың барлығы Арыс қаласының әкімі С.Ертайдың «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықтарына ие болды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Абай-ақпарат


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434