Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 7586 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 15:19

ЕРДОҒАН РЕСЕЙ ГАЗЫНАН БАС ТАРТТЫ

Жақында Түркияның мемлекеттік BOTAŞ компаниясы  Катардың Ұлттық мұнай компаниясымен төмендетілген тарифтер бойынша Түркияға табиғи газ тасымалдау туралы меморондумға қол қойған. Бұл туралы  arhar.kz сайты жазады.


Түркиялық dailysabah.com мәліметтеріне сүйенсек, Катар Республикасынан Түркияға жеткізілетін табиғи газдың көлемі, бағасы мен мерзімі туралы екі ел басшылары келіссөздер жүргізуде (http://www.dailysabah.com/energy/2015/12/02/turkey-qatar-sign-liquefied-natural-gas-agreement).

Дегенмен, шетелдік басылымдардың жазуынша, Анкара мен Катар арасында осыған дейін қысқа мерзімді табиғи газ және мұнай өнімдерін импорттау туралы келісімдер болған.

Сонымен қатар, Түркия мен Катар Республикалары арасында азаматтардың қатынуы үшін визасыз режім енгізу туралы да келісім жасалған. Жалпы алғанда, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Катарға жасаған ресми сапары барысында екі ел арасында түрлі салалар бойынша 15 құжатқа қол қойылған.

Ал ресейлік slon.ru сайтының мәлеметтеріне сүйенсек, Катар мен Түркия арасындағы газ келісімі – Ресей мен Түркия арасындағы экономикалық соғысты ушықтыруы әбден мүмкін (https://slon.ru/storystreams/110).

Естеріңізде болса, осыған дейін Ресей Президенті Владимир Путиннің тікелей пәрменімен,  түрік қарулы күштері атып құлатқан  СУ-24 ұшағының есесіне, Түркия Республикасына  қарсы экономикалық санкциялар салу туралы шешім шығарылған. Соның ішінде, Түркиядан тасымалданатын азық-түліктер, жеміс-жидектер мен көкөністерді әкелуге тыйым салынып, туризм саласында да бірқатар шектеулер қойылған. Сондай-ақ, Ресей үкіметі Анкара мен Мәскеу арасында қатынайтын чартерлік ұшақтарды тоқтатқан болатын.

Егер ресми деректерге назар аударсақ, Түркия Республикасы Ресей газын тұтынуда Германиядан кейінгі екінші ірі мемлекет болып есептелетін. Мысалы, Ресей «Газпромы» 2014 жылы Түркия Республикасына жалпы көлемі 27,4 млрд. Куб метрді құрайтын табиғи газ саудалаған. Бұл ресейлік компанияның жылдық импортының 67 пайызын құрайды.

Ал Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған үстіміздегі жылдың қазан айында Мәскеуде өткен кездесулер барысында егер қандай да бір түсініспеушіліктер туындайтын болса, Түркия өзге мемлекеттерден жеңілдетілген тарифтер бойынша табиғи газ тасымалдауға әзір екендігін ескерткен болатын (https://slon.ru/posts/57666).

Қазіргі таңда Алжир Республикасы Түркияға жеңілдетілген тарифтегі табиғи газ тасымалдаушы негізгі ел болып табылады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395