Қырғызстанның қаржы полициясы Әблязовқа қатысты қылмыстық істің қайта қаралу мүмкіндігін жоққа шығармай отыр
Алматы. 27 мамыр. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстанның қаржы полициясы БТА банк басқармасының бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істің қайта қаралу мүмкіндігін жоққа шығарып отырған жоқ, деп мәлім етті Қырғызстан мемлекеттік қаржы полициясы қызметінің төрағасы міндеттерін атқарушы Еркін Бөлекбаев.
«Әблязовқа қатысты қылмыстық іс экс-президент Құрманбек Бәкиевтің биліктен кетуінен бірер күн бұрын қозғалған болатын. Сондықтан біз ол іске қатысты толық мәліметті әлі білмейміз. Бірақ бұл қылмыстық істің қайта қаралу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Егер Аблязовтың қаржы жымқыру фактілері қуатталып жатса, тергеуді қайта бастаймыз», - деп нақтылады Е. Бөлекбаев.
Бұрын хабарланғандай, сәуірдің 2-сінде Қырғызстанның қаржы полициясы М. Әблязовқа қарсы Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 166 б. 4 б. «алаяқтық» және 184 б.1б. «несиені заңсыз алу» бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Тергеу болжамына сәйкес, М. Әблязов өз қарамағындағылардың сенімділігін пайдаланып, Қырғызстандағы «БТА Банк» ЖАҚ жалған тұлғалар арқылы $ 200 мың көлемінде несие алып, оны өзінше жұмсап, кейін «БТА Банкке» қайтармаған.