ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында орай арнайы апталық жарияланып, даталы мереке кеңінен аталып өтті. Бұған дейін хабарлағанымыздай апталықтың алғашқы күнінде Елбасының курстасы, Түркістан қаласының тұрғыны, құрметті зейнеткер Асетулла Каримов қала жастарымен кездесіп, мемлекет басшысымен бірге өткізген жастық шағындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Бұдан кейнгі мерекелік шара қайырымдылық істермен жалғасты. Атап айтқанда, қала басшылығының бастамасымен өңірдегі мектеп жасындағы 150 бала біржолғы әлеуметтік қолдауға ие болды. Сол секілді жас балуандар арасында Тұңғыш Президент күніне орай самбодан облыс біріншілігінің жалауы көтерілді. Ал, қала зиялыларының басқосуымен өткен мерейлі мерекенің ресми шарасы шаһардағы сазды-драма театрында бастау алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел тізгінін ұстаған сәттен бүгінгі күнге дейінгі қажырлы еңбегін қойылым арқылы суреттеген театр әртістері көпшілікке терең ой салды. Осылайша қала әкімі Ә.Өсербаев және қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев барша түркістандықтарға мерекелік құттықтауын жеткізіп, бұл күннің маңыздылығын тағы бір айшықтай түсті.
Осындай игілікті істермен бастау алған Тұңғыш Президент күнінің құрметіне оңтүстіктің түлегі, есімі елге белгілі, ҚР Мәдениет қайраткері суретші-график Батухан Байменнің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жиналғандар Батухан Әбдікерімұлының еңбегін жоғары бағалап, үлкен қолдау білдірді.
Сонымен бірге, мереке қарсаңында түркістандық болашақ сарбаздар әскер қатарына аттанды. Отан алдындағы борышын өтеуге бел байлаған қасиетті өңір жастарына қала әкімі мен мәслихат хатшысы сәт-сапар тілеп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп қайтуларына тілектестіктерін жеткізді.
Түркістан қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі