Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3618 0 пікір 28 Мамыр, 2010 сағат 06:05

Степногордағы балабақшаның балалары мен тәрбиешісі аспаз бен медбикеден ауру жұқтырған

Көкшетау. 28 мамыр. ҚазТАГ - Степногор қаласының №3 балабақшада инфекция көзі мектепке дейінгі мекеменің аспазы мен медбикесі болған, деп хабарлады агенттікке Ақмола облысы СЭС департаменті.

«Тамақтан  токсикоинфекция жұқтыруға шартты-патогендік флора-клебсиелла анықталған аспаз бен медбике себепкер болған», - деп мәлім етті облыстың бас санитарлық дәрігері Қасымжан Ташметов.

Арнайы комиссия балабақша қызметкерлерін толығымен тексеріп, сараптама жүргізген соң осындай қорытынды жасады, деді ол.

Қ.Ташметов аталған екі қызметкер емдеу мерзіміне жұмыстан аластатылғанын хабарлады.

СЭС департаментінің атап көрсетуінше, «өткір ішек инфекцияларына қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталды». «Өткір ішек ауруына шағымданып, дәрігерге ешкім жүгінбеген. Сырқаттар емдеу курсынан өтіп, ауруханадан шығарылды», - деді бас дәрігер.

Бұрын хабарланғандай, 20 мамырда 4 сағат 30 минутта Степногор қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне 9 адам жеткізілді. Олардың ішінде №3 балабақшаның 3-6 жастағы 7 тәрбиеленушісі және тәрбиешінің 29 жастағы көмекшісі және оның 10 жастағы ұлы бар.

Ауруханаға жеткізілгендердің бәрінен тамақтан улану белгілері анықталды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303