Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2801 0 пікір 17 Қараша, 2015 сағат 11:22

ӘСКЕРИ ӨНІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМГЕ КЕЛМЕК

Ресей президенті Владимир Путин үкіметке Қазақстанмен әскери мақсатқа арналған өнімдерді бақылау тәртібі мен орындалуы жөнінде келісімге келуді тапсырды.

Бұл 2013 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісім аясындағы жеткізілетін өнімдер. Бұйрық Ресейдің ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланған.

"Ресей үкіметі Қазақстан тараппен келіссөздер жүргізген соң, келісімге қол қою жөнінде шешім қабылдасын", —делінген Путиннің бұйрығында. Мұнан өзге деректер ашық айтылмайды. Алдын Қазақстанның қорғаныс министрлігі Тәжікстан мен Әзербайжанға әскери көмек көрсететіндіктері жөнінде мәлімдеген болатын. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502