Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7052 0 пікір 17 Қараша, 2015 сағат 03:00

АССАМБЛЕЯ-20. ТАТУ ҰЛТТЫҢ КЕЛБЕТІ

Ассамблеяның мақсаты - Қазақстан Республикасында қазақ халқының шоғырландырушы рөлі арқылы қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени тұтастығы негізінде қазақстандық ұқсастықты және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үдерісінде этносаралық татулықты қамтамасыз ету.

Сипаттау: 1995 жылғы 1 наурызда жаңа институт – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

Бұл тарихи күн Егемен Қазақстанда  қазіргі заманғы мемлекет құрудың, жаңа түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің, бейбітшілік идеясын іске асырудың, Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімін сақтаудың жаңа бастауы болды.

2007 жылы Ассамблея конституциялық орган мәртебесін иеленді, кепілді парламенттік өкілдік – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын алды.

2008 жылғы 20 қазандағы  ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы»  Заңы Ассамблея қызметі мен құрылымдарын, еліміздің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін  нормативтік-құқықтық реттеуді, конституциялық парламенттік өкілдікті жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Ассамблеяның негізгі стратегиялық құжаттары – «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы» қабылданды.

Ассамблея 20 жыл ішінде қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің шешуші буынына айналды.

 

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы атаулы күнге 2015 жылдың  барлық іс- шаралары арналатын болады, ал 2014 жылғы 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХI сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті, Ассамблея Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады.

Түйінді мәселелер:

Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен ел бірлігін қамтамасыз ету;

қоғамдық бірлікті сақтау мен бір халық болып тұтасу нәтижесінде ғана  экономикалық өрлеу, әлеуметтік үдеріс және демократиялық дамуға қол жеткізуге болады;

зайырлы қоғам және биік руханилық;

тарихтың, мәдениет пен тілдің тұтастығы;

ұлт қауіпсіздігі және еліміздің бүкіләлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге қосатын қомақты үлесі.

Картаева Қ. «Археология және этнология» мамандығының 1 курс магистранты

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

Қазақстан Республикасының табысты дамуы – Бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделін қалыптастыра білуі. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде көп ұлтты халықтың өзара татула стығы, бірлігі мен дінаралық диалогты атауға болады. 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президенті Ә. Назарбаевтың жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық және дінаралық диалогтың теңдессіз институты. Қазақстан халықтарын құрайтын жергілікті халық қазақ халқы мен Қазақстанды мекен еткен басқа ұлттар мен ұлыстардың жалпы саны ҚР Статистикалық Агенттігінің 2014 жылдың 1 қазанындағы ресми мәліметі бойынша бұл күнде 17 353 700 адамға жетіп отыр. 2014 жылдың қаңтарындағы ресми мәлімет бойынша еліміздегі қазақтардың саны – 11 244 547, басқа ұлттар саны – 6 109 153. Соның ішінде Алматы облысы бойынша барлық халық саны – 1 984 518; соның ішінде қазақтар – 1 383 345; орыстар – 301 713; өзбектер – 4627; украиндар – 5250 ; ұйғырлар – 156 004; татарлар – 13 829; немістер – 9117; корейлер – 16 651 ; әзірбайжандар – 17 187; белорустар – 732; түріктер – 37 458; дүнгендер – 1848; поляктар – 1187; күрттер – 14 794; шешендер – 5991; тәжіктер – 770; башқұрттар – 352; басқалар – 13 663. Енді Алматы қаласы бойынша талдасақ, халық саны – 1 507 509; оның ішінде қазақтар – 845 938; орыстар – 447 259; өзбектер – 8806; украиндар – 10 536; ұйғырлар – 80 347; татарлар – 21 823; немістер –6458; корейлер – 28 648; әзірбайжандар – 9438; белорустар – 1643; түріктер – 6523; дүнгендер – 7507; поляктар – 842; күрттер – 2369; шешендер – 2396; тәжіктер – 2510; башқұрттар – 552; басқалар – 23914. Қазіргі Қазақстан халықтардың құрамын нақтылау, олардың діні мен тілін, Қазақстан өңірлерінде қоныстануын нақтылау және саралау, этнодемографиясы мен этномәдени байланыстарын анықтаудың қоғам үшін маңызы ерекше. Осы тұста Қазақстан халықтарының құрамына тоқталып өтейік, саны жағынан көп басқа ұлт өкілдері: орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар, белорустар, корейлер, азербайжандар, түріктер, поляктар, дұнғандар, күрдтер, чечендер, тәжіктер, башқұрлар, молдавандар, ингуштар, мордвалар, армяндар, гректер, чуваштар, қырғыздар, удмурттар, литовтар, болгарлар, еврейлер, марийлар, грузиндер, цыгандар, лезгиндер, қытайлар, парсылар, түрік-месхеттер, балкарлар, осетиндер, эстондар, латыштар, түркмендер, қарақалпақтар, аварлар, қарашайлар, қырым татарлары. Саны жағынан аз ұлт өкілдері: чехтар, абазиндер, абхаздар, австриилықтар, агулдер, адыгейлер, албандар, алеуттар, алтайлықтар, американдықтар, ағылшындар, арабтар, ассирилықтар, афгандар, белудждер, буряттар, венгрлер, вепстер, вьеттер, гагауздар, голландықтар, грузиндік еврейлер, даргиндер, долғандар, жапондар, қырым еврейлері, ижорлар, испандықтар, итальяндар, ительмендер, кабардиндер, қалмақтар, қарайымдар, карельдер, кеттер, комилар, коми пермяктар, коряктар, кубиндер, лактар, ливтар, мансилар, монғолдар, нанайлар, үнділер мен пакистандықтар, нганастар, негидальдар, ненцтер, нивхилер, ноғайлар, ортаазиялық еврейлер, ороктер, орочилар, румындар, рутульдар, рушандар, саамдар,селькуптар, сербтер, словактар, табасаран, талыштар, таттар, тау еврейлері, тофалар, тувиндер, удиндер, удэгейлер, ульчтар, финдер, француздар, хакастар, ханттар, хорваттар, цахурлар, черкестер, чехтар, чувандар, чукчалар, шведтер, шорцтар, шугнандар, эвенкилер, эвендер, энцтер, эскимостар, юкагирлер, якуттар. Әрине, осындай 130 дан астам ұлт өкілдері тоғысқан мекен көп діннің де тоғысқан мекені болады. 2009 жылғы жалпыұлттық санағының нәтижесіне сәйкес елімізде халықтың 70,2 %-ы өздерін мұсылмандармыз, яғни 11 237 900 адам діни сенімі бойынша өздерін ислам дінінің өкілдеріне жатқызатындығын білдірген, 4 190 100 адам басқа діндегілер, соның ішінде 26 %-ы – христиандармыз, 5 300 адам; 0,03 %-ы – иудейлерміз, 14 600 адам; 0,1 %-ы – буддистерміз, 30 100 адам; 0,2 %-ы – өзге діндерді (кришна, т.б.) ұстанушылармыз деп атаған. Соның ішінде ешқандай дінді ұстанбаймыз деп – 450 500 адам, 2,8 %-ы, жауап берсе, 0,5 %-ы жауап беруден бас тартқан. Қазақстан көп ұлтты халықтар консолидациясы олардың діни құқықтарын қорғау және дамытумен де тығыз байланысты. Қазақстанның бастамасымен 2010 жыл Мәдениеттерді жақын¬дастырудың халықаралық жылы ретінде өтті, ал 2013-2022 жылдарды ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы деп жариялады. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төр¬ағалық етіп, өз қызметі барысында еліміз толеранттылықты нығай¬ту мә¬се¬лесін басты бағыт етіп ұстап, еуроатлантикалық және еу¬ра-зиялық қауіпсіздік өл¬шемдерінің санын кеңейте түсуді ұсынды. ЕҚЫҰ Астана саммитінің Декларациясында конфессияара¬лық үнқатысуды дамыту, мемлекеттер арасындағы сенімді ны¬ғайту туралы Саммитке қатысқан 56 мемлекет басшыларынан қолдау тапты. Одан әрі Қазақстан Eлiмiз «Иcлaм кoнфepeнцияcы ұйымының» тoлық мүшeci ретінде 2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымын басқарып, ислам елдері арасындағы діни мәселелердің басым бағыттарын реттеуге үлес қосты. Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында: «Ocы Зaң Қaзaқcтaн Pecпубликacының өзiн дeмoкpaтиялық, зaйыpлы мeмлe¬кeт peтiндe opнықтыpaтынын, әpкiмнiң ap-oждaн бocтaндығы құқығын pacтaйтынын, әpкiмнiң дiни нaнымынa қapaмacтaн тeң құқылы бoлуынa кeпiлдiк бepeтiнiн...нeгiзгe aлaды», – дeп aтaп көpceтiлді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң негізінде 2012 жылы діни бірлестіктер мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Нәтижесінде, кезінде 4551 деп көрсетілген діни бірлестіктер саны, 3088-ге өзгерген. Сонымен қатар, елімізде тараған конфессияларды жіктеу жүйесіне көңіл бөлініп, бұрын конфессия қатарына жатқызылған діни бағыттарды талдау арқылы, діни конфессиялардың нақты саны 46 емес, 17 екені анықталған. Сондай ақ, осы Заң қабылданғаннан кейін 2229 – ислам, орыс православ шіркеуінің митрополиялық округінде – 9 епархия, 261 приходтары, Армян-апостол шіркеуі мен 8 көне әдет-ғұрыптар шіркеулері, Рим-католик шіркеуінің 79 бірлестігі, иудейлердің 4 қауымы, 2 буддистік бірлестіктер діни бірлестіктер ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден өткен. Елімізде 9 медреселер, 1 имамдардың біліктілігін арттыру орталығы, 2 қарилар дайындау орталықтары, 1 епархиялық жоғары діни семинариясы, 1 епархиялық рухани училищесі және 1 ислам дін мамандарын дайындайтын «Нұр-Мұбарак» университеті, ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер діни білім беру мекемелері ретінде қызмет атқарады. Ал, 2003 жылғы ресми дерек бойынша Қазақстанда мұсылмандар мен христиандар халықтың 97 %-н құрайды. Республикада 1648 – ислам, 230 – православтық, 300 – баптист, 70 – 7 күн адвентистері, 90 – лютерандар, 106 – иегуа куәгерлері, 40 – елуліктер, 77 – Рим католик шіркеуі, 166 – дәстүрлі еместер, 23 – иудаизм, барлығы 2750 діни ұйымдар болған еді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң бойынша дәстүрлі діндерді насихаттайтын миссионерлерде ресми түрде тіркеуден өтеді. Қазақстанда Қазақстанды өз отаным деп санайтын басқа діни сенімдегі халықтардың қандай дінге және этномәдениетке жататынына қа¬рамастан барлық қазақстан¬дық¬тардың жалпыұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласын қалыптастырылды. Қазақстандағы әрбір дін – ислам, православие, католицизм, протестанттық діни ілім, иудаизм, буддизм және бас¬қалар уағыздайтын жоғары құн¬дылықтар, әрбір дінді ұстанатын қазақстандық – ол тең құқылы азамат, біртұтас азамат¬тық қоғамның ажырамас бөлігі деп белгіленіп, осыған орай 2015 жылы Астана қаласында Әлемдік және Дәстүрлі діндердің V съезді өткізілмек. Бұл Қазақстан Республикасының барлық діндерге деген құрметіміздің айғағы болып табылады. Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдары қалыптасқан. Қазақстанда этносаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделінің қалыптасуы мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруымен байланысты десек болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепіл береді, әрі діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасының 2011 ж. қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің қызмет атқару аясын құқықтық негізде жүзеге асыруға және қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстан маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға, оның ішінде БҰҰ-ның негізгі халықаралық келісімдеріне (пакт) қосылған. Қазақстанда конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасалған. Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санағанымен, басқа діни сенім иелерінің толыққанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері православиелік, католиктік және протестанттық қауымның саны артқандығын жоғарыда келтірілген мәліметтер айғақтайды. Қазақстандағы иудейлер мен буддистердің ұйымдары да өз құқықтарына сәйкес қызмет жасап отыр. Діни келісім мен толеранттылықтың қазақстандық моделі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Қазақстанда бас қосуынан да көрінеді. Әлем таныған Астана қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Халықаралық деңгейдегі IV съезі өткізілді. 2012 жыл 30 мамырда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Ең алғашқы өткізілген съезге әлемнің 17 елінен 17 діни көшбасшы қатысқан еді. Әлем діни көшбасшаларының Қазақстанның елордасында бас қосып, әлемдің діни кеңістіктегі өзекті мәселелерді талқылауы Қазақстандық діни татуластыққа негізделген «модельді» мойындауы еді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Халықаралық Кеңесі құрылып, Кеңес құрамына әлемнің же¬текші конфессиялары – Ислам¬ның, Христиандықтың, Иу¬даиз쬬нің, Буд-дизмнің, Ин¬дуизмнің, Син¬тоизмнің, Зороас¬тризмнің өкіл¬дері енген. IV съезде Елбасы Н.Назарбаев жаһандық толеранттылық пен се¬німді қалыптастыру мен ны¬ғай¬ту проблемаларына арнал¬ған Интернет-ресурс құруды ұсы¬нып, ол G-GLOBAL жалпы электронды порталының бір бө¬лігіне айналды. Қазақстан ұсынған G-GLOBAL идеясы жаһандық өзара түсіністік пен то¬леранттылық үшін де жаңа мүмкін¬діктер ашты. Елбасы Н.Назарбаев 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер» көшбасшыларының ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «сіздер, діни лидерлер, руханилықтың – дүниенің үйлесімді дамуының басты шартының қайта өрлеуінің жүргізушілері бола аласыздар», - деп әлем діндерінің басшыларын үндестікте жұмыс жасауға, халықаралық рухани, халықаралық діни, халықаралық конфессиялық байланысқа шақырды. Ислам діні басым дамыған Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің өткен басқосулары мен қабылдаған үндеулері дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деуге болады. Қазақстан – мұсылман тұр¬ғындары басымдыққа ие ел. Ислам діні осы дінді ұстанатын Қазақстан халықтарының рухани тіректерінің бірі. Бүгiнгi күнi иcлaм дiнi жepшapының бapлық құpлықтapындa тapaлғaн және мұcылмaндapдың caны 2 миллиapд aдaм мөлшepiндe деп eceптeлудe. Әcipece, Бaтыc xaлықтapынaн иcлaмды қaбылдaушылapдың caны тұpaқты түpдe өcудe. XX ғacыpдa мұcылмaндapдың caны 7 ece көбeйгeн. Дүние жүзінде хaлқының бacым көпшiлiгi мұcылмaндapдaн құpaлaтын мeмлeкeттepдiң caны 60 шaмacындa. Қорыта айтқанда, Қазақстанның бастамасымен өткен Халықаралық діни конфессия идеялары бүкіл әлем үшін бетбұрысты кезең болды, бұл әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы бастамасы болды деуге болады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшы-лары¬ның съезі ХХІ ғасырда әділетті әлем құрудың негізін идеялық-рухани құрылымдауға нақты бағытталған жетекші үнқатысу тұғырнамасына айналды деуге болады.

 

Гульнар КозҒамбаева. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДЕМОГРАФИЯСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҮЛЕСІ

(Автор туралы: Қозғамбаева Г.Б. тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті)

Шетелдегі қазақтардың көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған. Өркениетті елдер қатарына толық құқықты мүше ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жасауы, қандастарымыздың елге қайтып келуіне себепкер болуы орынды. Қазақ ұлтының үштен бірі жақын және алыс шетелдерде өмір сүреді. Қазан төңкерісінен кейін, қазақ халқы арасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді күш қолдану әдісімен қуғын-сүргін, қудалау салдарынан, аштықтан бас сауғалап атамекенінен көшкендерге «опасыздар», «отанын сатқандар», «мал-мүлкі үшін қашқандар» деген айдарлар тағылды. Шетмемлекеттерде, әсіресе, капиталистік елдерде туған-туысқандарының бар екендігін мойындаудың өзі ауыр қылмыс саналып келді. Алыс және таяу шетелдердегі 5 миллионнан астам қандастарымыздың бүгінгі таңдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың атамекенмен байланысы, елге оралуы және тәуелсіз қазақ елінің демографиялық үлесін арттырудағы маңызы сияқты мәселелер бүгінде Отандық тарихтын өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан аумағында ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің тәуелсіздігін жариялады. Осы кезден бастап қазақ елі маңызды этносаяси шараны жүзеге асыра бастады, оның басты айғағы қазақтардың (репотрация) елге оралу үдерісі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы күндерінен бастау алды. Қазақстан Республикасының егемендік алып, алғаш рет демографиялық саясатын өзі қалыптастыра бастауының тұңғыш кепілі- 1992 жылы 26 мусымда қабылданған «Иммиграция туралы» Заң. Бұл Заң бойынша әрбір жылға иммиграция квотасы белгіленіп отырды. Онда иммиграция түрі мен сандық мөлшері белгіленіп, қай елден келетіндіктері, оларды қабылдауға қажетті материалдық-қаржылық ресурстар, орналастыру мен ортаға бейімдеу, олар мекендейтін аймақтар мен оларды еңбекке орналастыратын шаруашылық типтері көрсетілді. Квотада жеке басқа берілетін жәрдем төлемдері мен репрессия кезеңінде, күштеп коллективтендіру мен адамгершілікке жат саяси акция, оралып жатқан босқындар мен репатрианттарға, олардың ұрпақтарына берілетін жеңілдіктер жүйесі айқындалып белгіленді. Ұлттық диаспораға және оны жаңа орынға орналастыруға қамқорлық көрсету Үкімет пен көші-қон департаменті, жергілікті әкімшілік органдарына жүктелді. Ал 1993жылы қабылданған «Көшіп келу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өте үлкен роль атқарып, квота жүйесі қалыптасып, баспанамен қамтамасыз ету, мал, мүлік беру, ауылдық жерлерде шаруашылықпен айналысуға жер телімдерін үлестіруге тетіктер қалыптасты. Үшінші рет 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші – қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңы алыс және таяу шетелдерден келген қандастарымызға қол ұшын беріп көмектесуде жіберілген кемшіліктерге қарамастан біршама мәселелерде шешімін тапты. Дүниежүзінде 3 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар болғанымен, бір ғана ұлттан тұратын бірде–бір мемлекет жоқ. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жинаған мәліметтері бойынша 40 шет мемлекеттердегі қазақтардың саны 5 миллион 600мыңнан астам адам, оның ішінде жақын шетелдерде – 3 млн. 137 мың адам, алыс шетелдерде – 2 млн. 529 мың 800 адам. Қазақтар көп шоғырланған мемлекеттер – Қытайда –2.260 мың, Өзбекстанда –1.500 мың, Ресейде –1.100 мың, Моңғолияда –150 мың, Қырғызстанда – 95 мың, Түркіменстан – 150 мың, Ауғаныстанда – 30 мың, Түркияда – 15 мың, АҚШ-та – 14 мың, Тәжікстанда – 10 мың, Иранда – 10 мың, және т.б. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің ішінде алыс және таяу шетелден қандастарын атамекенге оралтумен жүйелі айналысып, мемлекет тарапынын біршама қаржы жұмсап отырған бір ғана ел – Қазақстан, ал дүние жүзінде – үш елдің біреуі. Бүгінде Қазақстан Республикасының ең алдымен мемлекеттің ұйытқы ұлты – қазақ ұлтының бүгінгі мен болашағына баса назар аударып қарастыру керек. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының жетістігі мен экономикалық дамуы ТМД елдерімен салыстырғанда алдынғы қатарлардан орын алады. Ең бастысыреспубликамыздың соңғы жылдардағы жетістігі, ол қазақ халқының үлес салмағының артуы болып табылады. Айта кетерлігі, қазақтардың өздерінің ата-мекен жерлерінде азшылықта болуы тәуелсіздікке қол жеткізген күнге дейін орын алып келген(1926 жылы 58,5% , 1939 ж. -37,8% , 1959 ж.-30% , 1989ж. 39,7% ) [1, 45б.].Міне бұл көрсетілген мәліметтерден республикамызда тәуелсіздік алғанға дейінгі қазақтың пайызға шаққандағы мөлшері төмен болғандығын байқаймыз.Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса, қазір бұл көрсеткіштің әлде қайда өскен. Ол туралы ғалым М.Х. Асылбеков Қазақстандағы қазақтар 1989 жылы 6,5 миллионнан 2013 жылы 1 қаңтарына 11 миллионға жетті, ал үлесі 39,7% - дан 65,2% -ға жетті...– деген, мәліметтер береді[2, 42б.]. 1991 жылдан (2005ж.) 1 шілдеге дейін елімізге барлығы 110 мың 591 оралмандар отбасы қоныс аударды. Соның ішінде 1991 жылдан 2007 жылға дейін бірғана Оңтүстік Қазақстан облысына 19 алыс және жақын шетелдерден оралмандар қоныс аударып, олардың саны 39936 отбасы немесе 136787 адамға жетіп отыр. Оның ішінен 10521отбасы көшіп келу квотасымен 29415 отбасы квотадан тыс көшіп келгендер. Бұл Республикаға келген оралмандардың 28 пайызын құрайды [3,96б.]. Тәуелсіз еліміздің жыл сайын нығайып, мемлекетті құрайтын негізгі ұлт ретінде қандастарымызды атамекенге көшіріп әкелуде Қазақстан Республикасының Үкіметі мүмкіндігінше жағдай жасауда. Егер 2000 жылғы көшіп келу квотасы – 500 оралман отбасына арналған болса, 2003 жылғы бұл көрсеткіш – 5000 отбасын, 2004 жылғы –10000 отбасын қабылдауды қарастырған. Елбасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы №1508 Жарлығымен бекітілген 2005 жылғы көшіп келу квотасына сай 15000 отбасыны қабылдап, жайғастыру көзделіп отыр.Көшіп келу квотасының мөлшерінің көбеюі –Үкіметіміздің қандастарымызды тарихи отанына оралуына үлкен мән беруінің айғағы [4, 96б.]. Сөйтіп, еліміздегі қазақтардың саны 2005 жылға қарай алты жүз мыңға жуық адамға көбейді. Тағы осы тұста қарастырып кететін ерекше жайт әлемде басқа ұлттармен салыстырғанда әрбір үшінші қазақ шет елде тұрады. Сондықтан олардың бәрін бір мезгілде туған Отанына көшіруге мүмкіндік жоқ екендігі Елбасының сөзінде ашық айтылды, алайда Қазақстанның қазақ диаспорасы басым мемлекеттердің елбасылармен келіссөздерде оларға қамқорлық етілуін өтінетінін де атап өтті. Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт санасы, әдет ғұрпы – барша қазаққа тән, оның ғажап рухани қазынасын да бөліп жаруға жатпайтын ортақ байлық. Көші - қон полициясы Комитетінің этникалық репатриация туралы ресми мәліметтері бойынша (2011 жылдың қыркүйек айындағы жағдайына қарай ) елімізге 210225 оралман отбасы немесе 824170 адам қоныс аударды. Атамекенге оралған этникалық қазақтардың ішінде саны жағынан бірінші орында – Өзбекстаннан келген қазақтар тұр (60,1%), екінші орында – Моңғолиядан келгендер (13,3%), үшінші орында –Қытайдан келгендер (10,3%), төртінші орында – Түркіменстаннан (7,8%) және бесінші орында- Ресейден келген қазақтар – 4,3%[1, 46б.]. Республикамызға алыс және таяу шет елдерден оралған этникалық қазақтардың пайызға шаққандағы көрсеткіші бойынша бірінші орында Өзбекстаннан келген қандастарымыз тұрғанын байқадық.Өзбекстаннан келген оралмандар Қазақстанның Оңтүстік өңірі:Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, Моңғолиядан келген оралмандардың 63%-ы Солтүстік өңірде:Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына қоныстанған. Қытайдан келген оралмандардың 89% Шығыс өңірдегі: Шығыс Қазақстан облысына таңдау жасаған. Ал, Оңтүстік өңірде – Алматы облысында қоныстанғандар көп. Түрікменстаннан келген оралмандардың 80% Батыс өңірлерге:Атырау мен Маңғыстау облыстарына, ал Ресейден келген оралмандардың 76% Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында қоныстанған[1, 46б.]. Дүние жүзі қазақтарының ІV Құрылтайында Елбасы, Н.Ә. Назарбаев «Биыл тәуелсіздікпен бірге атамекенге атбасын бұрған Ұлы көшке 20 жыл толды.... « Елге ел қосылса құт» дейді дана халқымыз. Азаттықтың елең – алаңындағы күрделі кезеңге қарамастан, көшіміз көлікті болды.Содан бері ұлы бір сәтке толастаған емес. Ат қазығын байлар атамекенге 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді. Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Біз дүние жүзінде өз қандастарын еліне шақырып, қаражат бөлген үш-ақ мемлекеттің біреуіміз» – деп,айтты[5, 41 б.].Елбасы атап көрсеткендей шетелдегі қазақтардың атамекенге оралуы қазақтар санының бір миллион адамға көбеюіне ықпал етті. Олардың үлес салмағы өсті, яғни бүгінгі күні этнодемографиялық, әлеуметтік, көші-қон үдерісін этногендік негізде анықтайды, халықтың мәдени сабақтастығын қалпына келуіне, туған тілдің, дәстүрдің, салттың, халықтық өнердің молаюына, мемлекеттік тілдің әсіресе, солтүстік-шығыс өңірлерде таралуына ықпал етуде. 1991-2011 жылдар аралығында 221,3 мың отбасы, 860,4 мың қандастарымыз Қазақстанға көшіп келген. Олардың 60,5% Өзбекстаннан (520мың), 10,4% Моңғолиядан (86 мың), 12,4% Қытайдан(106 мың) 7,8% Түркіменстаннан (67,5 мың), 5,3% Ресейден (45,5 мың) келіпті. Ал қалған 4 % (34мыңы) т.б елдерден келген. Елге оралған қандастарымыздың облыстар бойынша орналасуына көз жүгіртетін болсақ 24,3% (206 мың) Алматы облысына,13,3% (114 мың) Маңғыстау облысына,7% (60мың)Жамбыл облысына қоныстанған[6, 277б.]. Қоныс аударғандардың 54 пайызға жуығы еңбек жасындағылар, 26,5 пайызы балалар мен жасөспірімдер, небәрі 4,5 пайызы ғана зейнет жасындағылар[7, 14 б.].Көрсетілген мәліметтен этникалық қазақтардың республикамыздың демографиялық өсуі мен өркендеуіне еселеп үлес қосатындығының дәлелі екендігін байқауға болады. Қазақстан Республикасына шет елдерден көшіп келген қандастарымыздың ішінде 70- тен астам ғылым докторлары, 250 ғылым кандидаттары бар екен. Қандастарымыздың 40 мыңнан астамы – жоғары білімді, 93600адам – арнаулы орта білімді, 230 мыңдайы – орта білімді. Қазақстанға тұрақты мекендеуге келген қандастарымыздың көпшілігі ауыл шаруашылық қызметкерлері, олардың саны – 86031 адам, білім беру қызметкерлері – 16997, дәрігерлер – 9407, мемлекеттік қызметкерлер – 1034, кәсіпкерлер –11203, басқа мамандық өкілдері – 221670адам құрайды[7, 17 б.].Бүгінде атажұртына көшіп келген бауырларымыздың арасында көптеген ғалымдар мен жоғарғы білімді мамандар бар екендігін жоғарыда көрсетілген мәліметтен байқадық. Қандастарымыздың диаспорасының атамекенге оралуы республиканың демографиялық жағдайын ғана жақсартып қоймай сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді. 2009- 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2007-2015 жылдарға арналған көші –қон саясатының тұжырымдамасына сай жасалған болатын. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2009- 2011 жылдары жүзеге асырылып, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен 197 миллиард теңге қарастырылған. Үш жылда бұл бағдарлама бойынша 60 мың отбасын, орта есеппен 300 мың адамды көшіріп алу жоспарланған[8, 54 б.].Бірақта «Нұрлы көш» бағдарламасының жүзеге асырылуын тексеруде өз дәрежесінде жүргізілмей, тиімсіз іске асырылғандығы туралы мәліметтер байқалды. «2009- 2011 жылдары бағдарлама шеңберінде 2567 этникалық қазақ отбасына тұрғын үй берілген. Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға салынған 3223 пәтердің 622 пәтеріне ел қоныстанбаған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 пәтер екі пәтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынған. Бос тұрған 51,6 млн. теңгелік 18 пәтер тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Солтүстік Қазақстан облысында құны 42,0 млн. теңгеден астам соманы құрайтын бір пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмаған» деп, бақылау жасайтын құзырлы мекеменің деректеріне сүйене отырып Д.Баймолдаұлы осы мәліметтерді келтірген[8,55 б.].Мемлекет тарапынын бөлінген қаржының талан-таражға ұшырағандығын осы келтірілген мәліметтерден - ақ байқауға болады. Бірақ соған қарамастан алыс және таяу шет мемлекеттердегі қандастарымыз атамекенге оралуда. Шетелдердегі қандастарымыздың атамекенге оралудағы ниеттеріне қозғаушы күш болған, Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуын халықаралық қауымдастықтың мойындауы, елдің қарқынды дамуы, қазақтың ата-бабасының жерінде мемлекеттікті қалыптастыруға қатысу, егеменді мемлекетті сақтау мен дамыту, бірыңғай ұлтқа ену болып табылады. Өскелең ұрпақтың тағдырына деген алаңдаушылық жақын және алыс шет елдердегі қазақтардың көңілін жақындастырады. Әлемнің 40-қа тарта елінде 5 миллионға жуық қазақ, 5 құрлыққа бөліне қоныстанған. Тәуелсіз Қазақстанның демографиясын жақсартуда этникалық қазақтардың үлесін арттыру мемлекеттің ең басты стратегиялық саясаты. Елбасы халықтың саның 2015 жылы 20 миллионға жеткізу тапсырды, сондықтан қазақ халқының саның арттыруда шетелдердегі отандастарымызды атамекенге оралуға ниеті бар қандастарымызға мемлекет тарапынан жағдай жасау, қол ұшын беру басты міндет. Бүгінгі таңда шетелдерде тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи отаны – Қазақстанға оралу мәселесі мемлкеттік деңгейде қаралып, заңды негіздер жасалынуда. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап шетелдегі қазақтармен мәдени-рухани салада байланыс жасауға, олардың атажұртқа оралуына мүмкіндік туғызуға айрақша назар аударылуда және ол мәселе әлі де өз дәрежесінде жүргізілу жолдары қарастырылуда. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1.Балтабаева К.Н. Көші –қон үдерісі: Қазақстанға қоныс аударушылардың сандық өсімінен олардың сапалық келешегіне дейін.// Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі.ДҚҚ құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Павлодар., – 2012.– 45-50беттер. 2. Асылбеков М-А.Х., Асылбекова Ж. М-А. Шетел қазақтарын зерттеудің қорытындылары мен міндеттері. // Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті. РҒПК материалдары.Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – Алматы., – 2013., – 42– 50 беттер. 3.Махатова Ж. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көші – қон процесінің жағдайларын талдау. // Ерліктің бастауы елдікте атты конференция материалдар жинағы. А, 2007 – 96 – 101 беттер. 4.Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Диалог алаңы» атты дөңгелек үстел мәжілісінде Көші-қон комитетінің төрағасы Ж. Әбдиевтің баяндамасы.-95-157б.б. 5.Уатқан Б.Ұлттың ұлы жиыны. Деректер жинағы. – Алматы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. – 408 бет. 6.Баймолда Д. Қазақ көші. – Алматы,«Нұр- Принт» баспа орталығы, 2013. – 308 бет. 7.Қайрат Б. Республикадағы көші –қон үрдісі туралы. //Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Алматы., – 2012., – 14 – 23 беттер. 8.Байолдаұлы Д. «Нұрлы көш» бағдарламасы және Моңғолия қазақтары. //Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Алматы., – 2012., – 54 – 57 беттер.

 

Гульнар Козғамбаева 20.05.2015 10:23:06

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДЕМОГРАФИЯСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҮЛЕСІ Қозғамбаева Г.Б. тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Шетелдегі қазақтардың көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған. Өркениетті елдер қатарына толық құқықты мүше ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жасауы, қандастарымыздың елге қайтып келуіне себепкер болуы орынды. Қазақ ұлтының үштен бірі жақын және алыс шетелдерде өмір сүреді. Қазан төңкерісінен кейін, қазақ халқы арасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді күш қолдану әдісімен қуғын-сүргін, қудалау салдарынан, аштықтан бас сауғалап атамекенінен көшкендерге «опасыздар», «отанын сатқандар», «мал-мүлкі үшін қашқандар» деген айдарлар тағылды. Шетмемлекеттерде, әсіресе, капиталистік елдерде туған-туысқандарының бар екендігін мойындаудың өзі ауыр қылмыс саналып келді. Алыс және таяу шетелдердегі 5 миллионнан астам қандастарымыздың бүгінгі таңдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың атамекенмен байланысы, елге оралуы және тәуелсіз қазақ елінің демографиялық үлесін арттырудағы маңызы сияқты мәселелер бүгінде Отандық тарихтын өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан аумағында ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін демократиялық мемлекеттің тәуелсіздігін жариялады. Осы кезден бастап қазақ елі маңызды этносаяси шараны жүзеге асыра бастады, оның басты айғағы қазақтардың (репотрация) елге оралу үдерісі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы күндерінен бастау алды. Қазақстан Республикасының егемендік алып, алғаш рет демографиялық саясатын өзі қалыптастыра бастауының тұңғыш кепілі- 1992 жылы 26 мусымда қабылданған «Иммиграция туралы» Заң. Бұл Заң бойынша әрбір жылға иммиграция квотасы белгіленіп отырды. Онда иммиграция түрі мен сандық мөлшері белгіленіп, қай елден келетіндіктері, оларды қабылдауға қажетті материалдық-қаржылық ресурстар, орналастыру мен ортаға бейімдеу, олар мекендейтін аймақтар мен оларды еңбекке орналастыратын шаруашылық типтері көрсетілді. Квотада жеке басқа берілетін жәрдем төлемдері мен репрессия кезеңінде, күштеп коллективтендіру мен адамгершілікке жат саяси акция, оралып жатқан босқындар мен репатрианттарға, олардың ұрпақтарына берілетін жеңілдіктер жүйесі айқындалып белгіленді. Ұлттық диаспораға және оны жаңа орынға орналастыруға қамқорлық көрсету Үкімет пен көші-қон департаменті, жергілікті әкімшілік органдарына жүктелді. Ал 1993жылы қабылданған «Көшіп келу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өте үлкен роль атқарып, квота жүйесі қалыптасып, баспанамен қамтамасыз ету, мал, мүлік беру, ауылдық жерлерде шаруашылықпен айналысуға жер телімдерін үлестіруге тетіктер қалыптасты. Үшінші рет 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші – қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңы алыс және таяу шетелдерден келген қандастарымызға қол ұшын беріп көмектесуде жіберілген кемшіліктерге қарамастан біршама мәселелерде шешімін тапты. Дүниежүзінде 3 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар болғанымен, бір ғана ұлттан тұратын бірде–бір мемлекет жоқ. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жинаған мәліметтері бойынша 40 шет мемлекеттердегі қазақтардың саны 5 миллион 600мыңнан астам адам, оның ішінде жақын шетелдерде – 3 млн. 137 мың адам, алыс шетелдерде – 2 млн. 529 мың 800 адам. Қазақтар көп шоғырланған мемлекеттер – Қытайда –2.260 мың, Өзбекстанда –1.500 мың, Ресейде –1.100 мың, Моңғолияда –150 мың, Қырғызстанда – 95 мың, Түркіменстан – 150 мың, Ауғаныстанда – 30 мың, Түркияда – 15 мың, АҚШ-та – 14 мың, Тәжікстанда – 10 мың, Иранда – 10 мың, және т.б. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің ішінде алыс және таяу шетелден қандастарын атамекенге оралтумен жүйелі айналысып, мемлекет тарапынын біршама қаржы жұмсап отырған бір ғана ел – Қазақстан, ал дүние жүзінде – үш елдің біреуі. Бүгінде Қазақстан Республикасының ең алдымен мемлекеттің ұйытқы ұлты – қазақ ұлтының бүгінгі мен болашағына баса назар аударып қарастыру керек. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының жетістігі мен экономикалық дамуы ТМД елдерімен салыстырғанда алдынғы қатарлардан орын алады. Ең бастысыреспубликамыздың соңғы жылдардағы жетістігі, ол қазақ халқының үлес салмағының артуы болып табылады. Айта кетерлігі, қазақтардың өздерінің ата-мекен жерлерінде азшылықта болуы тәуелсіздікке қол жеткізген күнге дейін орын алып келген(1926 жылы 58,5% , 1939 ж. -37,8% , 1959 ж.-30% , 1989ж. 39,7% ) [1, 45б.].Міне бұл көрсетілген мәліметтерден республикамызда тәуелсіздік алғанға дейінгі қазақтың пайызға шаққандағы мөлшері төмен болғандығын байқаймыз.Егер 1989 жылы республикадағы қазақтардың үлесі 40 пайызға жетер-жетпес болса, қазір бұл көрсеткіштің әлде қайда өскен. Ол туралы ғалым М.Х. Асылбеков Қазақстандағы қазақтар 1989 жылы 6,5 миллионнан 2013 жылы 1 қаңтарына 11 миллионға жетті, ал үлесі 39,7% - дан 65,2% -ға жетті...– деген, мәліметтер береді[2, 42б.]. 1991 жылдан (2005ж.) 1 шілдеге дейін елімізге барлығы 110 мың 591 оралмандар отбасы қоныс аударды. Соның ішінде 1991 жылдан 2007 жылға дейін бірғана Оңтүстік Қазақстан облысына 19 алыс және жақын шетелдерден оралмандар қоныс аударып, олардың саны 39936 отбасы немесе 136787 адамға жетіп отыр. Оның ішінен 10521отбасы көшіп келу квотасымен 29415 отбасы квотадан тыс көшіп келгендер. Бұл Республикаға келген оралмандардың 28 пайызын құрайды [3,96б.]. Тәуелсіз еліміздің жыл сайын нығайып, мемлекетті құрайтын негізгі ұлт ретінде қандастарымызды атамекенге көшіріп әкелуде Қазақстан Республикасының Үкіметі мүмкіндігінше жағдай жасауда. Егер 2000 жылғы көшіп келу квотасы – 500 оралман отбасына арналған болса, 2003 жылғы бұл көрсеткіш – 5000 отбасын, 2004 жылғы –10000 отбасын қабылдауды қарастырған. Елбасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы №1508 Жарлығымен бекітілген 2005 жылғы көшіп келу квотасына сай 15000 отбасыны қабылдап, жайғастыру көзделіп отыр.Көшіп келу квотасының мөлшерінің көбеюі –Үкіметіміздің қандастарымызды тарихи отанына оралуына үлкен мән беруінің айғағы [4, 96б.]. Сөйтіп, еліміздегі қазақтардың саны 2005 жылға қарай алты жүз мыңға жуық адамға көбейді. Тағы осы тұста қарастырып кететін ерекше жайт әлемде басқа ұлттармен салыстырғанда әрбір үшінші қазақ шет елде тұрады. Сондықтан олардың бәрін бір мезгілде туған Отанына көшіруге мүмкіндік жоқ екендігі Елбасының сөзінде ашық айтылды, алайда Қазақстанның қазақ диаспорасы басым мемлекеттердің елбасылармен келіссөздерде оларға қамқорлық етілуін өтінетінін де атап өтті. Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт санасы, әдет ғұрпы – барша қазаққа тән, оның ғажап рухани қазынасын да бөліп жаруға жатпайтын ортақ байлық. Көші - қон полициясы Комитетінің этникалық репатриация туралы ресми мәліметтері бойынша (2011 жылдың қыркүйек айындағы жағдайына қарай ) елімізге 210225 оралман отбасы немесе 824170 адам қоныс аударды. Атамекенге оралған этникалық қазақтардың ішінде саны жағынан бірінші орында – Өзбекстаннан келген қазақтар тұр (60,1%), екінші орында – Моңғолиядан келгендер (13,3%), үшінші орында –Қытайдан келгендер (10,3%), төртінші орында – Түркіменстаннан (7,8%) және бесінші орында- Ресейден келген қазақтар – 4,3%[1, 46б.]. Республикамызға алыс және таяу шет елдерден оралған этникалық қазақтардың пайызға шаққандағы көрсеткіші бойынша бірінші орында Өзбекстаннан келген қандастарымыз тұрғанын байқадық.Өзбекстаннан келген оралмандар Қазақстанның Оңтүстік өңірі:Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, Моңғолиядан келген оралмандардың 63%-ы Солтүстік өңірде:Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына қоныстанған. Қытайдан келген оралмандардың 89% Шығыс өңірдегі: Шығыс Қазақстан облысына таңдау жасаған. Ал, Оңтүстік өңірде – Алматы облысында қоныстанғандар көп. Түрікменстаннан келген оралмандардың 80% Батыс өңірлерге:Атырау мен Маңғыстау облыстарына, ал Ресейден келген оралмандардың 76% Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында қоныстанған[1, 46б.]. Дүние жүзі қазақтарының ІV Құрылтайында Елбасы, Н.Ә. Назарбаев «Биыл тәуелсіздікпен бірге атамекенге атбасын бұрған Ұлы көшке 20 жыл толды.... « Елге ел қосылса құт» дейді дана халқымыз. Азаттықтың елең – алаңындағы күрделі кезеңге қарамастан, көшіміз көлікті болды.Содан бері ұлы бір сәтке толастаған емес. Ат қазығын байлар атамекенге 20 жыл ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді. Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қандасымызбен толықты. Біз дүние жүзінде өз қандастарын еліне шақырып, қаражат бөлген үш-ақ мемлекеттің біреуіміз» – деп,айтты[5, 41 б.].Елбасы атап көрсеткендей шетелдегі қазақтардың атамекенге оралуы қазақтар санының бір миллион адамға көбеюіне ықпал етті. Олардың үлес салмағы өсті, яғни бүгінгі күні этнодемографиялық, әлеуметтік, көші-қон үдерісін этногендік негізде анықтайды, халықтың мәдени сабақтастығын қалпына келуіне, туған тілдің, дәстүрдің, салттың, халықтық өнердің молаюына, мемлекеттік тілдің әсіресе, солтүстік-шығыс өңірлерде таралуына ықпал етуде. 1991-2011 жылдар аралығында 221,3 мың отбасы, 860,4 мың қандастарымыз Қазақстанға көшіп келген. Олардың 60,5% Өзбекстаннан (520мың), 10,4% Моңғолиядан (86 мың), 12,4% Қытайдан(106 мың) 7,8% Түркіменстаннан (67,5 мың), 5,3% Ресейден (45,5 мың) келіпті. Ал қалған 4 % (34мыңы) т.б елдерден келген. Елге оралған қандастарымыздың облыстар бойынша орналасуына көз жүгіртетін болсақ 24,3% (206 мың) Алматы облысына,13,3% (114 мың) Маңғыстау облысына,7% (60мың)Жамбыл облысына қоныстанған[6, 277б.]. Қоныс аударғандардың 54 пайызға жуығы еңбек жасындағылар, 26,5 пайызы балалар мен жасөспірімдер, небәрі 4,5 пайызы ғана зейнет жасындағылар[7, 14 б.].Көрсетілген мәліметтен этникалық қазақтардың республикамыздың демографиялық өсуі мен өркендеуіне еселеп үлес қосатындығының дәлелі екендігін байқауға болады. Қазақстан Республикасына шет елдерден көшіп келген қандастарымыздың ішінде 70- тен астам ғылым докторлары, 250 ғылым кандидаттары бар екен. Қандастарымыздың 40 мыңнан астамы – жоғары білімді, 93600адам – арнаулы орта білімді, 230 мыңдайы – орта білімді. Қазақстанға тұрақты мекендеуге келген қандастарымыздың көпшілігі ауыл шаруашылық қызметкерлері, олардың саны – 86031 адам, білім беру қызметкерлері – 16997, дәрігерлер – 9407, мемлекеттік қызметкерлер – 1034, кәсіпкерлер –11203, басқа мамандық өкілдері – 221670адам құрайды[7, 17 б.].Бүгінде атажұртына көшіп келген бауырларымыздың арасында көптеген ғалымдар мен жоғарғы білімді мамандар бар екендігін жоғарыда көрсетілген мәліметтен байқадық. Қандастарымыздың диаспорасының атамекенге оралуы республиканың демографиялық жағдайын ғана жақсартып қоймай сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді. 2009- 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2007-2015 жылдарға арналған көші –қон саясатының тұжырымдамасына сай жасалған болатын. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2009- 2011 жылдары жүзеге асырылып, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен 197 миллиард теңге қарастырылған. Үш жылда бұл бағдарлама бойынша 60 мың отбасын, орта есеппен 300 мың адамды көшіріп алу жоспарланған[8, 54 б.].Бірақта «Нұрлы көш» бағдарламасының жүзеге асырылуын тексеруде өз дәрежесінде жүргізілмей, тиімсіз іске асырылғандығы туралы мәліметтер байқалды. «2009- 2011 жылдары бағдарлама шеңберінде 2567 этникалық қазақ отбасына тұрғын үй берілген. Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға салынған 3223 пәтердің 622 пәтеріне ел қоныстанбаған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 пәтер екі пәтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынған. Бос тұрған 51,6 млн. теңгелік 18 пәтер тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Солтүстік Қазақстан облысында құны 42,0 млн. теңгеден астам соманы құрайтын бір пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмаған» деп, бақылау жасайтын құзырлы мекеменің деректеріне сүйене отырып Д.Баймолдаұлы осы мәліметтерді келтірген[8,55 б.].Мемлекет тарапынын бөлінген қаржының талан-таражға ұшырағандығын осы келтірілген мәліметтерден - ақ байқауға болады. Бірақ соған қарамастан алыс және таяу шет мемлекеттердегі қандастарымыз атамекенге оралуда. Шетелдердегі қандастарымыздың атамекенге оралудағы ниеттеріне қозғаушы күш болған, Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуын халықаралық қауымдастықтың мойындауы, елдің қарқынды дамуы, қазақтың ата-бабасының жерінде мемлекеттікті қалыптастыруға қатысу, егеменді мемлекетті сақтау мен дамыту, бірыңғай ұлтқа ену болып табылады. Өскелең ұрпақтың тағдырына деген алаңдаушылық жақын және алыс шет елдердегі қазақтардың көңілін жақындастырады. Әлемнің 40-қа тарта елінде 5 миллионға жуық қазақ, 5 құрлыққа бөліне қоныстанған. Тәуелсіз Қазақстанның демографиясын жақсартуда этникалық қазақтардың үлесін арттыру мемлекеттің ең басты стратегиялық саясаты. Елбасы халықтың саның 2015 жылы 20 миллионға жеткізу тапсырды, сондықтан қазақ халқының саның арттыруда шетелдердегі отандастарымызды атамекенге оралуға ниеті бар қандастарымызға мемлекет тарапынан жағдай жасау, қол ұшын беру басты міндет. Бүгінгі таңда шетелдерде тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи отаны – Қазақстанға оралу мәселесі мемлкеттік деңгейде қаралып, заңды негіздер жасалынуда. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап шетелдегі қазақтармен мәдени-рухани салада байланыс жасауға, олардың атажұртқа оралуына мүмкіндік туғызуға айрақша назар аударылуда және ол мәселе әлі де өз дәрежесінде жүргізілу жолдары қарастырылуда. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1.Балтабаева К.Н. Көші –қон үдерісі: Қазақстанға қоныс аударушылардың сандық өсімінен олардың сапалық келешегіне дейін.// Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі.ДҚҚ құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Павлодар., – 2012.– 45-50беттер. 2. Асылбеков М-А.Х., Асылбекова Ж. М-А. Шетел қазақтарын зерттеудің қорытындылары мен міндеттері. // Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті. РҒПК материалдары.Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – Алматы., – 2013., – 42– 50 беттер. 3.Махатова Ж. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көші – қон процесінің жағдайларын талдау. // Ерліктің бастауы елдікте атты конференция материалдар жинағы. А, 2007 – 96 – 101 беттер. 4.Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Диалог алаңы» атты дөңгелек үстел мәжілісінде Көші-қон комитетінің төрағасы Ж. Әбдиевтің баяндамасы.-95-157б.б. 5.Уатқан Б.Ұлттың ұлы жиыны. Деректер жинағы. – Алматы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. – 408 бет. 6.Баймолда Д. Қазақ көші. – Алматы,«Нұр- Принт» баспа орталығы, 2013. – 308 бет. 7.Қайрат Б. Республикадағы көші –қон үрдісі туралы. //Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Алматы., – 2012., – 14 – 23 беттер. 8.Байолдаұлы Д. «Нұрлы көш» бағдарламасы және Моңғолия қазақтары. //Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Алматы., – 2012., – 54 – 57 беттер.

 

Гүлнар Козғамбаева

ӘӨЖ 375(10) Г.Б.Қозғамбаева, Н.К.Алпысбаева Моңғолиядағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы көшпелілер өркениеті теориясы (ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басы)

Мақалада, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Моңғолия қазақтарының саяси-экономикалық және әлеуметтік өмірінің күрделілігі қарастырылған. Моңғолия қазақтары Цин империясы қарамағына өткеннен кейін де, олардың ел билеу жүйесіндегі хандық билікті жойды. Цин әкімшілігі бұрынғы хан, сұлтан, болыс, ауыл басы, билер соты деген басқару жүйесін жойып, өз үлгісімен алты сатыдан тұратын жаңа әкімшілік билеу жүйесін енгізді. Маньчжур-қытайлық билеу жүйесін Цин империясы енгізгенімен қазақтың ел билеу жүйесі біржола жойылып кетпеген, ол көбіне қазақтардың ішкі мәселелерін шешумен айналысатын болғандығы қарастырылған. Моңғолия қазақтарының әлеуметтік құрылымындағы көшпелі мал шаруашылығына байланысты зерттеулердегі көзқарастар талқыланған. Қазақ елінің әлеуметтік өмірі формация теориясы тұрғысынан зерттеуге болмайтынын практиканың өзі дәлелдеп беріп отыр. Осы себептерге байланысты ғалымдар Қазақстанмен қоғамдық құрылысы ұқсас елдердің ортағасырдағы әлеуметтік өмірінің сипатын зерттегенде «көшпелілер өркениеті» деген теорияны басшылыққа алуды ұсынып отыр. Нәтижесінде Моңғолия қазақтарының көшпелі мал шаруашылығының дамуы атамекендегі қазақ халқынан тыс ерекшелігі болмаған деген қорытынды жасалған. Моңғолия қазақтарының XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық, әлеуметтік өмірі туралы тақырыпты зерттегенде көшпелілер өркениеті теориясы басшылыққа алынғандығы қамтылған. Түйін сөздер: диаспора, экономика, саясат,көшпелі өркениет,социализм Г.Б.Қозғамбаева, Н.К.Алпысбаева Теориия кочевой цивилизации в социально –экономической и общественной жизни казахов Монголии (XIX – XX вв). В статье рассматриваются трудности политической и социально-экономической жизни казахов Монголии в конце XIX – начале XX вв. После вхождения Монголии в состав Цинской империи была ликвидирована ханская власть.Цинская администрация упразднила традиционные институты власти казахов – власть хана, султанов, волостных и аульных управителей, а также суд биев. Вместо них была введена шестиступенчатая система административного управления. Однако, традиционная казахская система управления не исчезла, ее элементы сохранились для решения проблем внутреннего характера. В статье анализируются труды, посвященные социальной структуре кочевого скотоводческого хозяйства казахов. Сама практика доказывает, что социальную структуру кочевого казахского общества нельзя изучать с подходов формационной теории. В свое время ученые-обществоведы старались рассматривать общественный строй казахов с позиции «кочевого феодализма», в связи со схожестью с другими средневековыми обществами. В результате, развитие кочевого скотоводства казахов Монголии рассматривалось однобоко, указывалось, что казахское хозяйство не обладало специфичностью. В нашем исследовании общественной жизни казахов Монголии конца XIX начала XX вв. в руководство брался принцип теориия кочевой цивилизации. G.B.Kozgambaeva, N.K.Alpsbaeva The social-economical structure of nomad civilization of Mongol Kazakhs in in the late XIX and early XX centuries The article is considered the difficulties of political and socio-economic life of Mongolia Kazakhs in the late XIX - early XX centuries. After accession of Mongolia to the Empire, the Khan's power was liquidated. Цин administration abolished the traditional institutions of the Kazakh authorities - Khan, sultans, township and village managers, as well as the court of biys. Instead of it, it was done six-speed administrative system. However, we couldn’t say that traditional Kazakh administrative system was disappeared, its elements were preserved to solve internal problems. The article analyzes the researches of social structure of the nomadic Kazakhs. The practice proves that the social structure of the nomadic Kazakh society cannot be studied with the formation of the theory. At past time, social- scientists tried to consider the social life of Kazakhs from the position of "nomadic feudalism", due to the similarity with other medieval societies. As a result, the development of nomadic Kazakhs of Mongolia was considered one-sided, it was shown that the Kazakh economy was lacked specificity. Our research is guided the principle of theory nomadic civilization of the social life of Kazakhs from Mongolia in the late XIX early XX centuries. Key words: diaspore, economic, politica, nomadic civilization, socialism. XIX ғасырдың 70 –ші жылдарының басында Қытайдың Шыңжан өлкесінің Алтай аймағында тұратын қазақтардың бір бөлігі5 Моңғолия территориясына көшіп келіп орналасты. Қоныс аударған қазақтардың бір бөлігі Шығыс Түркістан өлкесін мекендеп тұрған кезінде де, моңғол жеріне өткеннен кейін де, олардың саяси-экономикалық әлеуметтік өмірі мейлінше күрделі болды. XX ғасырдың басынан бастап Цин империясы қазақтардың саяси өміріне біраз өзгерістер жасады. «Цин империясы өзінің феодалдық-хандық мемлекетінің әкімшілік жүйесі губернаторлық әскери-әкімшілік мекеме құрды. Маньчжур-Қытай империясы Алтай Қобда қазақтарына ру басшысы арқылы өз үстемдігін жүргізіп келді» [1, -25 б.]. Ең әуелі Цин әкімшілігі бұрынғы хан, сұлтан, болыс, ауыл басы, билер соты деген басқару жүйесін жойып, өз үлгісімен жаңа әкімшілік билеу жүйесін енгізді. Бұл жүйе гүн, амбын, үкірдай, зәңгі, күнду, бошық сияқты алты сатыдан тұрды. Цин нмпериясының қазақ арасындағы өкілі сайланбай ол жоғарыдан тағайындалатын болған. Гүн императордың үкімдерін жергілікті жерлерде жүзеге асыруға міндетті болған. Гүннің ұсынысымен амбын тағайындалды. Амбынның және үкірдайлардың міндеті халықтан империяның қажетіне салық жинау, халықтың көңіл-күйі, хал-жағдайы туралы, жоғарғы орындарға хабарлап отыру болған. Ал зәңгі, күнде, бошық сияқты ұсақ шенеуніктер амбын мен үкірдайдың үкімдерін халық арасында орындап отыру міндетін атқарды[1,-27б.]. Цин империясы өз тұсында маньчжур – қытайлық билеу жүйесін енгізгенімен қазақтың билеу жүйесі біржола жойылып кетпеген. Абақ керейді XIX ғасырдың басында төре ұрпағынан шыққан хандар билейтін еді. 1826 жылы Абақ керейді басқарып келген Абылай әулетінен шыққан Әбілқазы ұлы Көгедай дүние салып, билік оның баласы Әжі төреге өтеді. 1830 жылы бұл жүйені төрт би деген жүйемен алмастырған кезде де, төрт биге төре тұқымының өкілдері тағайындалатын. Қазақтардың «төрт орын» деп атап кеткен бұл жүйесі маньчжур-қытай жүйесімен қатарласа жүргізіліп, көбіне қазақтардың ішкі мәселелерін шешумен айналысатын болған. Қазақ арасындағы сот билігін билер жүргізгені белгілі[2,50б.]. Моңғолиядағы қазақтардың да арасында билер соты болды. Билер соты бүкіл қазақ арасында шариат және әдеп-ғұрып негізінде дауларды шешіп отырды. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы да атамекендегі қандастары сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Бүкіл қазақ халқы сияқты моңғол елін мекендеген қандастарымыздың әлеуметтік құрылымы жөніндегі мәселеге ғылыми тұрғыдан талдау жасау – тарих ғылымының алдында қойылып отырған міндеттің бірі. Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі халықтың, соның ішінде қазақтардың әлеуметтік құрылымы тақырыбына қалам тартқан ғалымдар аз емес. Бұл тақырыпта жазылған еңбектер де жетерлік. Осы ғалымдар аталмыш тақырыпты маркстік-лениндік теория тұрғысынан, атап айтқанда, формациялық теория тұрғысынан зерттеді[3].Біз марксизм-лененизмді бірден бір шын ғылыми бағыт деуден де, оны ғылыми бағыт емес деуден де аулақпыз. Марксизм – ленинизмді адамзат қоғамының өткені, келешегі туралы алдыңғы қатарлы ойшылдардың жасаған ғылыми бағыттарының бірі деп есептейміз. Сондықтан қоғамдық жағдайы туралы ғылыми жұмыспен шұғылданатындар, зерттеп отырған тақырыбына сәйкес теорияны осы бағыттардың арасынан немесе олардың қосындысынан іздеп теориялық басшылыққа алғандығы тарихи зертттеулерден мәлім.Көп жылдар бойы тек жалғыз ғылыми бағытта жұмыс жасап, марксизм-лененизмді бірден-бір шын ғылым деп жариялап,көпшілігіміз осы бағыттың шындығына сендік. Одан қол үзіп кету, оны теориялық басшылыққа алып, оған мейлінше дағдыланған социализм дәуірінің ғалымдары мен олардың ұрпақтары үшін тіпті де қиын міндет. Ең әуелі марксизм-ленинизм қағидаларын кімнің тәжірбиесіне негізделіп, тұжырымдалғанына көңіл бөлу қажет. Осы тұрғыдан қарағанда бұл қағидалар, олардың барлығы дерлік Еуропа елдерінің тәжірбиесіне сүйенгені белгілі. Маркстің формациялық теориясы барлық елдерге,барлық жағдайда сәйкес келмейтіні белгілі екені мәлім. Мұны басқа формацияларды қоя отырып, «феодализм» атты формация теориясы арқылы дәлелдеуге болады. Формация теориясы бойынша феодал және басыбайлы деген екі таптан құрылатын өндірістің негізгі құрал жабдығы – жер феодалдардың монополиялық меншігінде, басыбайлылар жер меншігінсіз болатын қоғамды феодалдық деп атағаны белгілі[4,47б.]. Мал шаруашылығымен айналысатын елдерде, соның ішінде, қазақ жерінде мал жайылымының кең байтақ болуына байланысты аталған жайылымдарға жеке меншік құқығының қалыптасуы мүмкін емес еді. Жайлауға оңтүстіктен, Қаратау өңірінен солтүстікке дейін, кей жағдайда бір мың шақырымға дейін көшіп баратын кең байтақ жерді қалай жеке меншікке беруге болады? Қыстаудың жеке меншіктік кейбір белгілеріне қарай, қыстауға деген жеке меншіктің шартты түрде болғанын атап кеткен жөн. Ішкі Орданың ханы Жәңгір хан ХІХ ғасырдың басқы ширегінде жерге, соның ішінде қыстау мен шабындық жерлерге жеке меншік енгізгені белгілі. Жәңгір ханның бұл реформасы зор маңызды шара, сондай-ақ көшпелі елдердің тарихындағы тұңғыш әрекет болғанымен нәтижесіз аяқталғаны да белгілі. Бұл тәжірибие мал шаруашылығымен айналысқан елдерде жерді жеке меншікке беруге болмайтындығын дәлелдейді. Мұнан кейінгі уақытта көшпелі елдерде осындай тәжірибе қайталанғаны туралы мәлімет жоқ. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан елдерде жайылымды қауымдасып пайдаланды. Жайылымдық жердің мөлшері малдың санына пропорционал, былайша айтқанда, байлардың жайылым жер мөлшері орташалардан, кедейлерден көп болды. Орташа мен кедей шаруаға өзінің малына қажетті жайылымнан артық жердің қажеті де жоқ еді. Жерге жеке меншік болмаған жағдайда шаруаларды жерге қадап, бекітіп отыратын мүмкіндікте болмайды. Соның салдарынан мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі елдерде басы байлылар болған жоқ. Ол елдерде бай қожалықтар шаруашылығы еркін шаруаларды жалдау арқылы ұйымдастырылды. Мұндай жағдайда қанаудың феодалдықтан гөрі капиталистік түрі басым болды. Еркін шаруалар байлардың малын бағып басқадай жұмысын істегенде оны басы байлы болғандықтан емес, экономикалық мұқтаждық негізгі рөл атқарды. Байлардың малын баққан шаруалар мал түрінде ақы алатындығын әрбір қазақ біледі. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын елдерде жерге жеке меншік қалыптаспады деген сөз бұл елдерде ешқандай жеке меншік болмады деген ұғым туғызбаса керек. Аталмыш елдерде жеке меншіктің оъектісі мал болды. Адамның бай-кедейлігі оның жайылым жерінің мөлшерімен емес, малының санымен өлшенеді[5,-629б.]. Мал барлық уақытта жеке қожалықтың жеке меншігінде болды. Тек кеңес өкіметі ғана малды қауымдық меншікке айналдырды. Жетпіс жыл ел билеуде кеңес өкіметі малға жасаған қауымдық меншік тәжірибиесі нәтижесіз аяқталғаны белгілі. Мал өндірістің құрал – жабдығы ғана емес, тұтыну затының рөлін атқарғандықтан, ол тек қана жеке меншікте болуға тиіс, жер тек өндіріс құрал-жабдығының рөлін атқаратындықтан,оның қауымдық меншікте болуына мүмкіндік бар. Жер еш уақытта тұтыну затының рөлін атқарған емес. Жоғарыда айтылғандарға қарағанда, ортағасырдағы қазақ қоғамында классикалық түрдегі феодал және басыбайлылар табы болған жоқ. Қанаушы формация деп аталатын қоғамдық құрылымда оның негізгі белгісі қанаушы, қаналушы тап болмағандықтан ортағасырдағы қазақ қоғамын феодалдық формация деп атауға болмайды. Маркстік-лениндік формация теориясына қайшы келетіндіктен де өмір шындығын бұрмалап, одан шығатын жол іздеу қажет болды. Әсіресе, байларды тәркілеу науқаны кезінде мұндай қажеттіктің маңызы арта түсті. Осындай ізденістің нәтижесінде патриархалдық феодализм, жартылай феодализм, жартылай феодалдар, байлар-молдалар, тағы басқа атаулар өмірге келді. 1921 жылы шақырылған РКП(б) –ның X съезі партияның ұлт-азаттық орнаған елдердегі мақсаты туралы мәселе қарай келе, тұңғыш рет «патриархалдық феодализм» деген атауды дүниеге әкелді. Бұл маркстік-лениндік теория мен мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі елдердің өмір практикасының аралығындағы алшақтықты жою әрекеті еді. Осы тұжырымға сүйене отырып, ғалымдар әртүрлі атаулар ойлап табуға мәжбүр болды. Қоғамдық құрылымы практикалық феодализм болмағандықтан оған сәйкес келуге тиіс үстем тап та толыққанды феодал бола алмайтыны айтпаса да түсінікті. Қазақстанда жиырмасыншы жылдың соңында жартылай немесе патриархалды феодалдарды тәркілеу үшін оларды өмірден іздеп табу қажет болды. Қазақ даласында жеке меншігінде көп малы бар, малының санына сәйкес жайылым жерлерін пайдаланатын байлар дегендер болды. Байлардың жағдайы пайдаланып отырған жайылым жерінің мөлшерімен емес, малының санымен белгіленіп отырған. Байлар шаруаларды қанап отырғанын жоққа шығара алмаймыз,олардың қанауының сипаты феодалдыққа қарағанда капиталистік әдіске көбірек ұқсайтынын жоғарыда айтқанбыз. Сөйтіп, қазақ даласында феодал атты қанаушы тап болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов 1919 жылы «Жизнь национальностей» журналында жарияланған мақаласында сол кездегі қазақ халқының әлеуметтік өміріне талдау жасай отырып, «Қазақ даласында таптық жік жоқ», – деген қорытынды жасаған болатын [6]. Қанаушы тапты тәркілеу саясатын жүзеге асыру үшін, Қазақстанның әкімшілік орындары олардың феодал екендігін малының саны арқылы анықтау әдісін таңдап алды. Қазақ АКСР-ның ОА комитетінің 1928 жылы қабылданған декреті бойынша аудандардың көпшілігіне отырықшылығына байланысты жүз елу-төрт жүз ірі қара малы барлар феодал, ірі байлар деп есептелініп, тәркіленетін болды [7]. Бұл теория тұрғысынан да, практика тұрғысынан да қате еді, жүз елу-төрт жүз ірі қара малы бар адамдардың барлығын феодал табына жатқызуға болмайды. Олардың ішінде өз еңбегі арқылы байыған ауқатты шаруалар көп болды. 1939 ж. бүкіл Кеңес Одағы бойынша жүргізілген халық санағы бойынша, Қазақ КСР бойынша 99,3 пайыз шаруалар колхозға кіріп, 100 пайыз егістік жерлер солардың қарамағында болған [8, -26б.]. Сондықтан, байларды тәркілеу науқаны қазақ жерінде саяси-экономикалық салада үлкен қателіктер мен бұрмалаушылықтарға әкеліп соққаны белгілі. Жоғарыда айтылғандардан қазақ елінде ортағасырларда да, одан кейін де классикалық түрдегі феодалдық қоғам болған жоқ, сондықтан қазақ елінің саяси әлеуметтік-экономикалық өмірін формациялық теория тұрғысынан зерттеу қате тұжырымдар жасауға әкеп соғады деген, қорытынды шығады. Қазақ елінің әлеуметтік құрылымы туралы мәселеге көбірек тоқталғанымыздың себебі, Қытай мен Моңғол еліндегі қазақ диаспорасының әлеуметтік құрылымының сипаты туралы сұрауға жауап іздеу еді. Мұнда да жерге жеке меншік болған жоқ, осыған байланысты қоғам феодалдар, басыбайлылар деген қарама-қарсы екі тапқа бөлінбеді. Қобда жерін мекендеген қазақтарда жеке меншігінде көп малы бар байлар, малы аз, орташа және кедей шаруалар болды. Бір сөзбен айтқанда, қазақтардың қоғамдық әлеуметтік құрылымын формациялық теория тұрғысынан зерттеуге болмайды, бұл теория олардың қоғамдық әлеуметтік кұрылымының сипатын анықтауға дәрменсіз деген қорытынды жасауға болады. Формациялық теорияның авторы, К.Маркс өзінің теориясын Азия елдерінің, соның ішінде мал шаруашылығымен шұғылданатын көшпелі елдердің әлеуметтік өмірінің ерекшелігін зерттеуге сәйкес келмейтініне көңіл бөлгені белгілі. Ол өмірінің соңғы жылдарында бес формациядан тыс тағы бір формацияның адамзат тарихында болуы мүмкін деген болжам жасап, оған «Азиялық өндіріс әдісі» деген ат берген. Соңғы кезде қоғамтанушы ғалымдар адамзат қоғамының әлеуметтік өмірін зерттеу теориясы ретінде формациялық теорияға күмәндана қарайтын болды. Бұл күмән формациялық теорияны мал шаруашылығымен шұғылданатын көшпелі елдердің әлеуметтік өмірінің сипатын айқындауға келгенде күшейе түсіп отыр. Формациялық теория тарих ғылымының теориялық негізі ретінде тұйыққа тірелген, осындай жағдайда қоғамтанушы ғалымдар «өркениет теориясы» деген бағытты ұсынып отыр. Қазақ елінің өткен өміріне көз жүгіртсек, бұл ел бес формацияның біреуін ғана басынан кешіргені белгілі. Қазақта құлдық қоғам болған жоқ, феодализм туралы жоғарыда айтылды, қазақ елі капитализм сатысына аяқ баса бастағанда бұл жолдан қазан төңкерісі бұрып әкетті, социалистік эксперимент сәтсіз аяқталды. Сөйтіп, қазақ елінің әлеуметтік өмірі формация теориясы тұрғысынан зерттеуге болмайтынын практиканың өзі дәлелдеп беріп отыр. Осы себептерге байланысты ғалымдар Қазақстан сияқты елдердің әлеуметтік өмірінің сипатын зерттегенде «көшпелілер өркениеті» деген теорияны басшылыққа алуды ұсынып отыр. Бұл теория жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалып, үлгере алмағаны белгілі. Бірақ жоғарыда айтылған «Азиялық өндіріс әдісі» теориясымен үндеседі. Біздің ойымызша, көшпелі елдердің қоғамдық әлеуметтік өмірін көшпелілер өркениеті тұрғысынан зерттеу, белгілі бір нәтижеге жеткізетін бағыт. Бізде, Моңғолияны мекендеген қазақтардың XIX ғасырдың соңы мен – XX ғасырдың басындағы әлеуметтік өмірі туралы тақырыпты зерттегенде «Көшпелілер өркениеті теориясын» басшылыққа алдық. Оны басшылыққа алу дегенде сөз, аталған кезеңде қазақтардың экономикасының негізі мал шаруашылығы болғанын, өндірістің негізгі құрал-жабдығын құраушы мал әрбір отбасының жеке меншігінде, жайылым жер қауымдық меншікте болғанын ескеруге тиіспіз. Өндірістік қатынастың осындай ерекшеліктеріне сай қоғамда малы көп байлар, малы аз шаруаларға бөлінді. Еуропа елдеріндегідей феодал, басыбайлылар табы болған жоқ, байлардың шаруаларды қанауы феодалдык елдердегідей экономикадан тыс күштеу әдісімен жүргізілді, қоғамның саяси, рухани және т.б. көріністерінің сипаты көшпелілік өркениет белгілерімен айқындалып отыр деп, қорытынды жасауға негіз бар. Әдебиеттер: 1.      Сарай А. Баян-Өлгей аймақтың қазақ халқы тарихының кейбір мәселелері. – Өлгей: МХР-ғылым тарату қоғамының Баян-Өлгейлік бөлімі, 1968. – 22-26 - б. 2.        Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы: Жалын, 1993. – 50 - б.; Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы. – Алматы: Санат, 1994. – 48 - б.; Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. –260 б. 3.            Златкин И.Д. История Джунгарского ханства. 1635-1758. – М.: Наука, 1983. – 332 с.; Гуревич Б.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII – первой половине XIX в. – М.: Наука, 1983. – 309 с.; Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (XVII – XVIIІ вв.). – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – С. 238; Сулейменов Р.В., Моисеев В.А. Из истории Казахстана XVIII века (о внешней и внутренней политике Аблая). – Алма-Ата: Наука, 1988. – 144 с.; Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия Б ХV-ХVІІ века: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. – С.194-207. 4.      Еренов А. К. Очерки по истории феодальных земельных отношений у казахов. – Алма-Ата.,- 1960.– 158с.; Зиманов С.З. О патриархально-феодальных отношениях у кочевников-скотоводов // Вопросы истории. – 1955. – №12; Соныкі. Общественный строй казахов первой половины ХІХ в. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1958. – 296 с.; Толыбеков С.Е. О патриархально-феодальных отношениях у кочевых народов // Вопросы истории. – 1955. – №1. – С.75-83. 5.          Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVIІ – начале ХІХ века: политико-экономический анализ. Алма-Ата: Наука, 1971. – 633 с. – С. – 628 – 631. 6.          Жизнь национальностей. – 1919. – 3 августа. 7.            Омарбеков Т. Голощекин Қазақстанда // Лениншіл жас. – 1990. – 5 тамыз. 8.     История Казахской ССР. 5-т., – Алматы., – 1980. – С.– 695. Peferences: 1. Sarai A. Bayan – Olgei aimaktyn kazak halky tarihynyn keibir maseleleri. –Olkei: MHR-gylym taratu kogamynyn Bayan-Olgeilik bolimi,1968.-22-26b 2. Torekulov N., Kazbekov М. Qazaqtyn bi-sheshenderi. – Almaty: Zhalyn, 1993. – 50 - b.; Sozakbaev S. Tauke khan. Zheti zhargy. – Almaty: Sanat, 1994. – 48 - b.; Kenzhaliev Z. Koshpeli qazaq qogamyndagy dasturli quqyqtyq madeniet. – Almaty: Zheti zhargy,1997. –260 b. 3. Zlatkin I.D. Istoria Djungarskogo khanstva. 1635-1758. – M.: Nauka, 1983. – 332 s.; Gurevich B.P. Mezhdunarodnye otnosheniya v Centralnoi Azii v XVII – pervoi polovine XIX v. – М.: Nauka, 1983. – 309 s.; Moiseev V.А. Djungarskoe khanstvo (XVII – XVIIІ vv.). – Alma-Ata: Gylym, 1991. – S. 238; Suleimenov R.V., Moiseev V.А. Iz istoriy Kazakhstana XVIII veka (о vneshney I vnutrenney politike Ablaya). – Alma-Ata: Nauka, 1988. – 144 s.; Abuseitova М.H. Kazakhstan i Centralnaya Azia B ХV-ХVІІ veka: istoria, politika, diplomatia. – Almaty: Daik-Press, 1998. – S.194-207. 4. Erenov А. К. Ocherki po istorii feodalnyh zemelnyh otnosheniy u kazahov. – Alma-Ata.,- 1960.– 158 s.; Zimanov S.Z. О patriarhalno-feodalnyh otnosheniah u kochevnikov-skotovodov // Voprosy istoriy. – 1955. – №12; Sonyki. Obshestvennyi stroi kazahov pervoi poloviny ХІХ v. – Alma-Ata: Izd-vo AN KazSSR, 1958. – 296 s.; Tolybekov S.Е. О patriarhalno-feodalnyh otnosheniah u kochevyh narodov // Voprosy istoriy. – 1955. – №1. – S.75-83. 5. Tolybekov S.Е. Kochevoe obshestvo kazahov v XVIІ – nachale ХІХ veka: politiko-ekonomicheskiy analiz. Alma-Ata: Nauka, 1971. – 633 s. – S.628-631. 6. Zhizn nacionalnostei. – 1919. – 3 avgusta. 7. Omarbekov Т. Goloshekin Qazaqstanda // Leninshil zhas. – 1990. – 5 tamyz. 8.Histor Kazak CCR. – 5t. – Almaty., – 1980. –B. –695.

 

Гүлнар Қозғамбаева

МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН ҚОСАЛҚЫ КӘСІПТЕРІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ т.ғ.к., доцент Қозғамбаева Г.Б. Түйіндеме:

 МақаладаАлтай өлкесінен моңғол жеріне қоныстанған қазақтардың негізі шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік тірегі көшпелі мал шаруашылығы болғандығы қарастырылған. Қобда бетінемал жайып, келіп-кетіп жүрген қазақтар өлкенің табиғатының қолайлылығын, халықтың сирек коныстанғанын байқап, моңғол жеріне қоныстанды.Моңғолия елін мекендеген қазақтардың бір бөлігі мал шаруашылығымен аналысып, төрт түлік малды өсіруде жыл мезгілдерінде көшіп қонып жүріп, малға шөбі шүйгін жерлерді мекендеген. Мал шаруашылығымен қатар аң аулау кәсібімен де шұғылданғанымен, олардың негізгі шаруашылығының қайнар көзі мал шаруашылығы болды. Кілт сөздер: диаспора, гүн, урианхай, үкірдай, тайпин, хошун,арат,хот айл. XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында Алтай тауының теріскей жағын мекендеген қазақтардың негізі шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік тірегі көшпелі мал шаруашылығы болды. Қазақтардың бір бөлігінің бұл өңірге көшіп келіп,қоныстанудың басты себебі көшпелі мал шаруашылығына қажет жайылым жерлер болды. Қытайдың манъчжуриялық Цин империясы моңғол елін XVIIІ ғасырдан – XX ғасырдың басына дейін отаршылдық езгіде ұстады. Моңғол халқының тәуелсіздік үшін күресінің нәтижесінде Моңғолия Цин империясының бодандығынан 1911 жылы босанып, елдің тәуелсіздігін жариялады. Моңғолия Цин империясының қарауында болғандықтан қытай мен моңғол елі арасында ресми шекара болмаған. Қазақтардың кейбір рулары осы жағдайды пайдаланып, XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бұрын да моңғол жеріне мал бағып, әсіресе, жаз айларында жайлау ретінде пайдаланған. Керей тайпасының Шеруші, Жәнтекей рулары моңғол жерінің кеңдігі мен малға жайылым ретінде қызығып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында көшіп келіп, мекендей бастайды. Қазақтың Абақ – Керей руларының мал жайылымының жағдайы туралы Г.Ф. Астафьев «Осынау елді мекеннің кейбір жерлеріне көшіп қонып мал жайылуына қолайлы. Көшпелі мал шаруашылығынымен айналысуда негізінен жыл мезгілінің қысы мен жазына сәйкес мал жайылымы болуы қажет. Мысалы, Алакөл ойпаты мал қыстауға өте қолайлы болғанымен, жайлауға жәйсіз болатын» деп, атап көрсеткен[1, 41б.]. Моңғолияның табиғатының ерекшелігіне байланысты қазақтар мал шаруашылығын жартылай көшпелі түрде ұйымдастырды. Әрбір қазақ ауылының белгілі қыстау қорасы қалыптасты. Қыстауды көп жыл пайдаланып иемденген отбасы келе-келе, сол жерге өзінің меншігі ретінде қарады. Ондағы жер сол отбасының атымен аталды, оған басқа біреудің келіп қонуына, шөбін малына жегізуге рұқсат болмады. Ондағы қора, оның шөбі қатал түрде қорғалды. Әдеттегі құқық-ережелері жеке отбасының қыстауға деген құқығын қорғайтын болған.Сөйтіп, қыстау-қора әрбір отбасының жеке меншігі ретінде қалыптасты. Қыстау-қораның иесі қыстауын өз балаларына мұрагерлікпен беруге, өз қыстауын басқа отбасына беруіне кұқылы болды. Моңғолияны мекендеген қазақтар арасында қыстауды сату немесе сатқаны туралы мәлімет кездеспейді. Қыстау жеке отбасының меншігіне берілгендігін дәлелдейтін ресми мәліметте жоқ. Бұл айтылғандар, сол елді мекендеген қазақтардың бірі бөлігі Керейлердің арасында қыстауға жартылай жеке меншік болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақтардың арасында малға жем шөп дайындау кең өріс жайған жоқ. Өйткені Қобда өңірінің табиғаты мал жайылымына қолайлылығы және оның ерекшеліктеріне байланысты болды. Өңірдің жайылымының көпшілігі тау-тасты жерлерде болғандықтан, жаппай алатын жерлер аз болды, жайылым негізінен малдың өз аяғымен жайылуына бейімделгендігін аңғартады. Қыстаудың жайылымын қорып, одан азғантай шөп шауып алғанымен, ол қыс бойы барлық малды жемдеуге жетпеді. Тек, жазғытұрым арық малдарды жемдейтін болған. Жылдың төрт мезгілінде көшіп –қону, қыстаудан басқа үш кезеңінде қазақтар үнемі көшетін болған. Қобда бетіне асқан қазақтардың бір бөлігі, қазақтың басқа да ру ұлыстары сияқты төрт түлік мал ұстады. Экономиканың натуралды сипатта болуы, халықтың басқа дүниеден томаға-тұйық болуына әкеп соқты да, тауар – ақша қатынасының дамуына кедергі болды. Экономиканың натуралды сипатта болуы ақша айналымының дамуына, сауданың өріс алуындағы кедергіге қарамастан, XX ғасырдың басында қазақтардың арасында ішкі сауда мен нарықтың дамуы едәуір орын алды. Жеке қожалықтардың арасындағы сауда- саттық айырбас саудамен шектелді де, ол қазақтардың мал шаруашылығы мен қолөнерінің өнімдерін сіңіре алмады. Бұл қазақтарды көршілес орыс, қытай елдерімен сауда қатынасын дамытуға итермеледі. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Ресейде, ХХ ғасырдың басынан Қытайда капиталистік қатынастардың дамуы, бұл екі елге өнеркәсіп өнімдерін өткізетін рынок, ауылшаруашылық шикізатының қорын іздеуге мәжбүр етті. Экономика саласында мұндай жаңа көрініс орбитасына моңғол елін мекендеген қазақтар да тартыла бастады. Тарихи деректерге қарағанда ХХ ғасырдың басында Ресейдің моңғол елін мекендеген қазақтармен шекаралас жерінде жыл сайын ашылатын Сарымсақты жәрмеңкесі олардың экономикалық жағынан дамуына үлкен үлес қосты. Көнекөз қарттардың естелігіне қарағанда, жәрмеңке жыл сайын желтоқсанда ашылып, он күн бойы сауда жасайтын болған.Жәрмеңкеге қазақтар жыл сайын соғым сойып, осы апарып сауда жасаған. Олар тері, жүн, киіз, аң терісі сияқты шикізаттарды орыс ақшасына сатып, оған өздеріне қажетті бұйымдар алған. Қазақтардың алатын басты тауарлары: астық, шай, әртүрлі мата, темір-терсек сияқты күнделікті тұтыныс бұйымдары болды[2, 87-88б.]. Моңғолиядағы қазақтар Қытаймен де, ондағы қазақ туыстарымен де сауда-саттық қатынастарды дамытып отырды. Г.Н. Потаниннің айтуына қарағанда, Алтай бетін мекендеген керейлер XIX ғасырдың екінші жартысынан егіншілік кәсібімен айналыса бастаған. Қара Ертістің бойында арпа,бидай еккен, бұл өлкеде он шақты үй диірмендері болған, мұнда тартылған ұн, Қобда бетіне асқан қазақтарға да жеткізілген[3, 38 б.]. Г.Н. Потанин 1876 жылы әрқайсысы екі атқа киіз, шай, мата артқан, оны Қыранға апарып сатып, астық алғалы бара жатқан жиырма шақты қазаққа кездескені туралы жазады[1, 39б.].Мұнымен қатар қазақтар мекендеген моңғол елінің батыс өлкесіне орыс, қытай саудагерлері келіп сауда жасаған. Г.Н. Потаниннің айтуына қарағанда, керейлердің арасында орыс саудагерлерінің бірнеше тасымал сауда орындары жұмыс істеп тұрған[3, 75 б.].Қобда бетін мекендеген қазақтар екі түрлі алым-салық төлеп отырды. Онын бірі Цин империясының жергілікті орындарына, екіншісі қазақтардың өз ішіндегі лауазым иелеріне төлейтін салық еді. 1911 жылы Моңғолияда жеңген ұлт-азаттық қозғалысқа дейін Цин империясының ең ауыр салығының бірі лау салығы еді. Моңғол елінде сөз болып отырған кезеңде қатынас көлігінің рөлін атқаратын жолаушы тасу міндеті моңғолша ортен, қазақша лау деп аталды. Әрбір отбасы жыл сайын белгілі бір мерзімде өз ат көлігі, үйі, азық-түлігімен белгіленген ортен жерге келіп, бір ай бойы лау салығын өтеді. Екі ортеннің арасы отыз-қырық шақырым болды да, лаушы қазақ осы екі араға жолаушы тасуға міндетті болды. Мемлекет арасындағылар, лау атын мінетін куәлік алған шенеуніктер ат мінгені, тамақ ішкені, ортен үйіне қонғаны үшін ақы төлемейтін еді. Қобда қаласынан Ойғыр басына дейін сегіз ортен болды. Осы ортендерде қазақтар лау міндетін атқарды[2, 89 б.].Цин империясының мүддесі үшін қазақтар жыл сайын империя әскерлерінің ат көлігіне арнап мың жылқы төледі, мұны қазақтар «сары ноқта салығы» деп атады. Қытайлар жылқыны сары қайыс ноқтамен байлайтын болғандықтан осылай аталады. Қазақтар өкіметке және жергілікті билеушілерге алым-салықтар төлеп тұрды, қазақтар «қазан алман», «сойыс» деп мал өнімінен, ал «ғұшыр», «пітір» деп егін өнімінен салық төлеп тұратын. Алтай қазақтарынан жыл сайын он мың қой, бес мың ірі қара, бір мың түйе, екі мың кесек киіз (ұзындығы 10 м, ені 5 м келетін) алман алып отырған[4, 19 б.]. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын елдерде шаруашылықты ұйымдастырудың басты формасы моңғолдарда «хот айл», қазақтарда «ауыл» болып табылды. Ауыл жайылымға бағынып, көші –қонын реттейтіндіктен, бір жерде ұзақ отырмайды, жайылымды қыстау, күзеу, жайлау, жазғытұрымғы қоныс деп бөліспен пайдаланады[5, 37 б.]. Малдың өсуі жайылымға байланысты болғандықтан оны бөліске салғандықтан мал жан өсе келе жаңа жайылымдар үшін үнемі қақтығысып отырған. Үстем тап өкілдері арасында жерге байланысты көбіне дау-дамайлар болып, үнемі қақтығыстар да болып тұрған. Қазақтың үстем тап өкілдері алғаш урианхайлардан жалға алған жерлерін бөліске салып, Алтай тауының қойнау, сілемдерін ұзақ жылдар бойы үрім – бұтағымен пайдаланып келгендіктен бірқатар жерлер күні бүгінге дейін солардың кейбіреулерінің атымен аталып келгендігі айқын. Мәселен Баян– Өлгей аймағының Алтай сұмын өлкесінде алғаш қоныстанған Көбештің атымен аталған «Батыр ашасы», Самырхан, Жәңгірлер мекендеген «Төре жайлауы», Үкірдай, Мұрындық мекендеген «Үкірдай сайы», Рысбай байдың үлкен баласы Қорабай мекендеген «Қорабай ашасы» сондай –ақ «Мамырбай дарасы», «Өсербай дарасы», Ценгээл, Сагсай сұмыны өлкесінде Бозтай байдың атымен аталған «Бошекең жайлауы», Ұлтарақ бай қоныстанған «Ұлтарақ жарығы», «Дәкілбай дарасы», «Құлыбай аралы» секілді тұнық сулы, орман – тоғайлы, құнарлы жайылымды өлкелерді көптеп атауға болады. Осы өлкелер жоғарыдағы адамдардың иеленіп келген жерлері ретінде із қалдырған[5, 38 б.]. Қобда бетін мекенденген қазақтар жазда Даян, Сырғалы, Сүңгіті, Алтай сияқты малға жайлы, шөбі шүйгін жерлерді жайласа, қыстың суығында қар аз түсетін Қаратау, Шүйащы, Толбо, Дәлүін қатарлы көптеген жайлы жерлерді таңдап қыстады. Бұл жерлерге қар аз түсетіндіктен, малды қолдан жемдемей, табиғи жайылымда ұстауға қолайлы жерлер болып келді. Бірақ қыста қардың аз түсуіне қарамастан кей жылдары қыс ұзақ болуы салдарынан мал жұтқа ұшырап халықтың жағдайын ауырлатып жіберетін жағдайлар да кездеседі. Бұл өлкеге қазақтардың бір бөлігі қараша айының басында келіп қонып сәуірге дейін болатын. Көктеуде мал шаруашылығының негізгі маңызды кезеңі болып саналады. Өйткені малдың төлдеуі жауапты кезең болып есептелген. Малдың төлін аман –есен алуы, сол отбасының мал санының артып, экономикасының жақсаруына әкелетін болған. Ал жайлауға шығу уақыты сол мекеннің климаттық жағдайына байланысты болғанымен де, негізінен жаздың – маусым, шілде, тамыз айларында болды. Алтай тауының теріскей бетіндегі қазақтың Абақ – Керей руларының жылқысының дене бітімі келісті, басы әсем,кеудесі жуан, қарны татыңқы, терісі жұқа, жүні қысқа, жылтыр негізінен ақшыл, қара, қаралау өңді болғанын Г.Е. Грумм – Гржимайлоның еңбектерінде айтылған. Ал қойдан ет беретін тегене құйрықты қой өсірген. Моңғол елін мекендеген қазақтардың өсірген қойларының дене бітімі шағын,сары, қызғылттау өңді басының маңдайы үлкен, мұрны дөңес, астынғы ерні ілгері, құлағы ұзын, бел арқасы тегіс, кеудесі жуан, тұяғы тік, жазда денесіне майды мол жинаитын тұқымнан болған, ешкі малын аз өсірген. Тарихшы – ғалым З.Қинаятұлы 1860 жылдары қазақтың азғантай ауылы алғаш мұнда 30 мыңнан аса қой, 10 мыңнан аса жылқы, 6 мыңнан аса сиыр, 2 мың түйемен, келсе, 1989 жылдың мәліметі бойынша жалпы Баян-Өлгей аймағы 1284,0 мың бас мал санатқан. Оның 0,8 пайызы түйе, 6,5 пайызы жылқы, 8,7 пайызы сиыр, 60 пайызы қой, 24 пайызы ешкі түлігі түгелімен байырғы қазақ қойының тұқымы, – деп көрсеткен[6, 128 б.]. Моңғолиядағы қазақтар мал шаруашылығымен қатар аң аулаумен де шұғылданып келген. Аң аулау кәсібі көшпелі қазақ шаруашылығының ежелгі кәсіптерінің бірі болып саналады. Аңшылар қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық, қарсақ, арқар, саршұнақ, күзен және т.б. аңдарды аулаған.Сонымен қатар аңды бүркіт, қаршыға, сұңқар салу арқылы да аулаған. «Қазақтар өзара бүркіт саудасын жасайтын. Олардың бір –біріне бүркітті 200 қойға дейін сатқанын көзіммен көргенім бар. Басқаша айтқанда сол кездегі бағамен 500 рубль. Өйткені бүркітті баптауға аса мол еңбек жұмсалады» -деп, жазады Грумм –Гржимайло[7, 38 б.]. Аңды бүркіт, қақпан, аздаған шитті мылтықпен аулап келді.Олар бүркіт, сұңқар, қаршығамен түлкі, қарсақ секілді ұсақ аңдар аулады. Сонымен қатар аң терісін орыс, қытай көпестеріне айырбас және ақша –тауар арқылы өткізіп отырды, ал кейбірін уранхайларға жер төлемінің ақысына береді. Ауқатты адамдар аң аулауды серуен көріп, қатарынан бірнеше бүркіт те ұстады, кейде аңшылыққа шыққанда өздерімен қоса көп адамдарды ерте жүрген. ХХ ғасырдың басында қазақтар суырды көптеп аулай бастады. А.Н. Казнаков: «Соңғы жылдары орыс саудагерлері суыр терісін көп алатын болды. Осыдан болар халық арасында суыр аулау өріс алды» -деп, жазды. [8, 6 б.]. Алтай тауының теріскей бетіндегі қазақтардың шаруашылығында аңшылықтың маңызы төмен болмады. Олар аң аулап, етін жеп, терісінен киім жасаумен қатар бағалы аң терілерін сатып отырды. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда моңғол елін мекендеген қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен қатар аңшылықпен де айналысып, көптеген аңдардың түрлерін аулаған. Моңғолиядағы қазақтардың экономикасының қайнар көзі ежелден көшпелі мал шаруашылығы екендігін А.Сарай, Ә.Мініс, З.Қинаятұлы, И.Қабышұлы тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде айтылып, бүгінгі күнге дейін шаруашылықтың осы түрімен айналысатындығы жазылған. 1940 жылы Моңғолияда мекендеген қазақтар өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, әкімшілік-территориялық Баян-Өлгей аймағының орнауы бұл өңірдегі қазақтардың қоғамдық-экономикалық өміріне үлкен өзгерістер әкелді.1941 жылдан бастап мал шаруашылығы мен өндіріс өнімдерін арттыру жолға қойылды. Сонымен қатар бұл өңірдегі қазақтардың қоғамдық-экономикалық өмірінде дамудың жаңа кезеңі болды. 1941 жылдан мал шаруашылығы, өндіріс өнімдерін арттыру, экспорт мөлшерін өсіру, жүн дайындау, сарымай, ұн, нан өндіруге назар аударылды. Сөйтіп, 1941 жылдан бастап Баян-Өлгей аймағы қазақтарының экономикалық өмірі мемлекеттің біріккен экономикалық саясат, жоспар аумағында өрбіді. 1947-1952 жылдар аралығында халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытудың алғашқы бес жылдық жоспарларында Баян-Өлгей аймағы қазақтарының экономикасына байланысты кейбір мақсаттар белгіленіп, іске асырылып келді. Қазақтар дәстүрлі мал шаруашылығымен айналасумен қатар өндіріс, байланыс, көлікбайланысы және т.б. кәсіпорындар саласындағы жұмыстарды да атқарды. Ел экономикасының негізі күші мал шаруашылығы 2 қайта өсті. Мал өсіріп, саның арттыру мүмкіндіктері туды. Машина мен шөп шабатын станция, мал дәрігер ұйымдары мен маман дәрігерлердің саны артты. Ауыл шаруалығында ұжымдасқан бірлестіктердің саны жүзден асып, өндіріс, ет комбинаттары, баспа ісі, азық-түлік өндірісі және т.б. көптеген ірі өндіріс орындарының саны жылдан жылға өсіп, халықты күнделікті тұтынатын заттармен қамтамасыз етіп отырды. Қорытындылай келе, Моңғолия елін мекендеген қазақтардың бір бөлігі мал шаруашылығымен аналысып, төрттүлік малды өсіруде жыл мезгілдерінде көшіп қонып жүріп, малға шөбі шүйгін жерлерді мекендеген. Мал шаруашылығымен қатар аң аулау кәсібімен де шұғылданғанымен, олардың негізгі шаруашылығының қайнар көзі мал шаруашылығы болды. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Астафьев Г.Ф. Национальный состав в Китае. – М.: Политиздат, 1971. –С. – 399 2.Ардагерлер ескерткіші атты жинақ // Баян-Өлгей аймағының партия комитетінің архиві. – 87-89 бет. 3.Потанин Г.Н. Очерки Северо-Западной Монголии. – Вып ІІ. – С.38-39. 4.Тортаева Ә. Шығыс Түркістан қазақтары. // Қазақ тарихы. – 1998. – № 1. – – 17 – 21 б. 5.Сарай А. Революциядан бұрынғы қазақ халқы. – Өлгей – 1991., – 146 бет. 6.Қиянатұлы З. Моңғолиядағы қазақтар. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, – 2001.– 215 б. 7.Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. – Т. 2. – Исторический очерк в связи с историей Средней Азии. – Л.: Ученый Комитет МНР, 1926. – 840 с.; Т.3. – Антропологический и этнографический очерк этих стран. Торговая и колонизаторская в них деятельность китайцев и русских. Дополнения и поправки. – Л.: Ученый Комитет МНР, 1930. 8.Казнаков А.Н. Монголия и Ким. - Спб.: Рус. Геогр. Об-во, 1907. – 320 с.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5493