Сенбі, 23 Қараша 2024
Ұждан 8097 0 пікір 9 Қараша, 2015 сағат 13:48

ІРІЛІК ПЕН ПЕНДЕЛІК

"Қазақ əдебиеті" газеті "Тұлға" деген қосымша ашып, оны Шоқанға арнапты. Танымды, қызықты дүниелерді, деректерді жинапты. Оның ішінде Достоевскийдің де естеліктері бар екен.
Шоқан мен Достоевскийдің достығы дегенде мына нəрсе айтыла бермейді.
Жазушы Семейде айдауда жүрген кезінде Шоқан оны арнайы іздеп барған. Бөтен жерде жүріп, орта таба алмай титықтаған Достоевский таққа жаңа отырған Александр ІІ патшаға арнап мадақ өлең жазып тастапты. Соны бірінші болып оқып-тыңдаған Шоқан. Осы мадағы мен жазушының патшаға жазған хатын Петерборға жеткізіп, ақыры оның жазасы кешіріліп, империя астанасына оралуына ықпал еткен де осы - Шоқан. Бұны ірілік деуге болады. Бұл Шоқанның орыс əдебиеті үшін жасаған ерлігі. Сөзсіз ұлы жазушыны аман алып қалған. 
Петерборда жүргенде Шоқан Александр патшаның қабылдауында болған. Көтерген мəселесінің бірі - қазақ жайы. Арнайы ұсыныстар берген. Александр патшаға Шоқанның айтқандары аса ұнамапты. 
Артынан Шоқан ағасұлтандыққа таласып, сайлауға түскен кезде оны орыс əкімшілігі аямай құлатады. Шоқан өзіне жасалған қиянаттың бəрін тізіп, мақала қылып Достоевскийге жібереді. Қолында газет-журналы бар жазушы Шоқанның хатын жарияламай қояды. Досына басқаша да ара түспеген. Бұл пендешілік.
Осындайда амалсыз аталарымыздың айбалта туралы айтқанын есіңе алады екенсің...

Aйдос Сарым

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402