ОҚО: Сall-ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй және коммуналдық мәселелер бойынша Call-орталығы ашылды, – деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған бірыңғай орталықтың Call-орталығындағы мамандар оңтүстікқазақстандық тұрғындардан келіп түскен ауызсу, электр жарығы, көгілдір отын, жылу және кәріз жүйелері бойынша өтініштерге шұғыл түрде жауап беретін болады.
АРЫЗ-ШАҒЫМДАР БОЙЫНША 8(7252)-39-55-55 БАЙЛАНЫС НӨМІРІ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ.
Бірыңғай байланыс орталығы 09:00-19:00 аралығында жұмыс істесе, жылу маусымы кезінде тәулік бойы өтініштер қабылдайды.
Абай-ақпарат