Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4356 0 пікір 25 Қазан, 2015 сағат 22:28

ТІЛШІНІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ІІБ мен Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 1993 жылғы тумасын ұстады.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Алматы қалалық ІІД сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қазан күні белгісіз біреу  журналист Бота Жұмановаға үйінің қасында шабуыл жасап, аяусыз ұрып кеткен. 10 қазан күні бұл оқиға  түсірлген видео ғаламторда пайда болды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1290
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2847
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 884