Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4626 0 пікір 23 Қазан, 2015 сағат 10:47

ЖЕТІМ СӨЗІНЕН НЕГЕ ҚАШАМЫЗ?

Өткенде бір тілші мәтінін тексертуге жіберді. Құлағы естімейтін балаларға дыбыс ұлғайтқыш қондырғысын орнатыпты, сюжет сол жайлы.

Мәтінді былай бастаған: "тіл мүкістігі мен есту қабілетінің нашарлығы - емделмейтін дерт емес". Сұрасам ол балалар судың сылдырын да, желдің уілін де естімейтін әрі сөйлей алмайтын жандар екен. Орыстар "глухонемой" деуші ме еді, сол. Мен алдым, ол сөйлемді: "Саңыраулық пен мылқаулық -емделмейтін дерт емес" деп түзеттім. Әлгі журналист қырыққа келіп қалған жігіт ағасы еді, менімен келіспеді. Жас балалар ғой, олай айтуға болмайды деді, мен саңыраулық пен мылқаулық ол аурудың аты дедім. Ал тілі мүкіс адам сөйлей алатын адам, тек тілі кекеш, тұтығып қалады дедім. Ал есту қабілеті нашар деген аздап еститін адамдарға лайық. Ал бұлар саңырау ғой, мылқау ғой дедім.

Ол маған мораль оқығысы келді. Мен енді қазақ атамыз әрбір ауруды бір сөзбен таңбалаған ғой, оны шұбатып жайдақтатқаннан не ұтамыз деп болмадым. Ақыры менің нұсқаммен ол дүние эфирге кетті. Кеше де сондай бір жағдай болды. Алматы облысында жетім балаларға арнап тұрғын үй салынып, балалар үйінде тәрбиеленген жетімдерге берілгенін жазғанмын. Соны осындағы бір жігіттер "жетімдерге арналған үй" дегеніңіз не сұмдық, "жастар үйі" деп атаған дұрыс деп пікір жазыпты. Опырмай-ау мен ол тұрғын үй кешені қандай атау алғанын білмейді екенмін. Бар білерім жетім балаларға арнап салынды, соларға берілді. Енді оны жетім балаларға салынған үй демегенде не деймін. Жетімдерді, жетім деп табалап отырған ешкім жоқ. Әдебиеттегі "табу" мен "эфемизмнен" аздап хабардармыз. Бірақ жетім сөзін шығарған мен емес, неше жылғы тілдік сұрыптаудан өтіп бізге жетті емес пе?! Оны бүгін қолдану неге ерсі көрінуі тиіс. Жетім сөзінен құтылу үшін онда кішігірім лекцикологиялық төңкеріс жасау керек шығар. Жетім, саңырау, мылқау, зағип дегеннің барлығының басқаша баламасын табайық онда. Тек ол баламалар сіздер айтқандай "ата-ана қамқорлығынан айырылған, есту мүшесі жетілмеген" дегендей ащы ішектей шұбатылмауы керек. Бір сөз табыңызда ұсыныңыз, мен қолдауға даярмын. Орысшадан тікелей аударамыз деп кейде алыстан орағытып кететініміз-ай...

Есболат Айдабосын

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407