Сенбі, 23 Қараша 2024
Өмірдің өзі 5893 0 пікір 12 Қазан, 2015 сағат 15:35

АНАНЫҢ ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖАҒДАЙЫНА КІМ СЕПТЕСЕДІ?

Атырау облысына қарасты Мақат кентінде Манар Емізова атты ана бала-шағасымен жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатыр, - деп хабарлайды Abai.kz Нағашыбек Алдановтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.  Аталған әлеуметтік желіде Нағашыбек Алданов былай дейді:

- Мақат ауданы — Атырау облысының орталық аумағындағы әкімшілік бөлік. 1938 жылы құрылған. Жер аумағы 4,9 мың км². Халқы 30 мыңдай адам. Құрамында 6 кент бар. Орталығы — Мақат кенті. Халқының миындағы нейрондарына дейін қазақша сөйлейтін, сондай бір қазақы жер.

Осы шаңырақты ауданда Доссор деген елді мекен бар. Әкімі Жарылғасын Исмағұлов. Жақсы басшы екенінде күмәнім жоқ, бәлкім қызметкерлер жеткізбей жүрген шығар. Жасыратын несі бар, бір семья үшін журналист ат терлетіп Доссорға бара қоймайды. Сондықтан осы жерде жазайын. (Одан бөлек хат та жолданады). Жергілікті басшылар естіп, халыққа жағдай жасар.

Доссорда Үшінші ауыл деген жер бар. Сол жерде жалғызбасты ана Езімова Манар, мүгедек бала-шағасымен өмір сүреді. Өмір сүргенде қалай, өлмеудің амалы әйтеуір. Алла берген ұлы бар екен. Жасы 18-де. Ол да ес білгелі жұмыс істеп, отбасына қолғанат болып келе жатыр екен. Ал қыздары ауру, үлкен қызы тіпті кішкентайынан бір аяғынан айырылып, протезбен жүреді. Әбден өмір соққысын алған әйелдің ауырмайтын жері жоқ. Бұл күнде төсек тартып қалған. Үй болса мынау. Еркегі жоқ шаңырақ, қайтсін енді.

Осыны білген жергілікті билік қалай таңғы асын ішіп, түнде қалай ұйықтап жүр? Соны түсіне алмадым. Байлыққа толы жерді жаудан алып қалған олардың да атасы, олардың да құқығы бар соның жақсылығын көруге. Қайда атырауың мен деген сері жігіттері? Қане жергілікті Лэнд Круйзер менгіш байбатшалар? Осы сорлы қазаққа көмектесіп, ана бала шағасына жағдай жасамағанда не істеп жүрсіңдер? Әр нәрсенің сұрауы бар, ағайын".

Достарымның арасында кім Атыраудан екенін білмедім, Танитын, білетіндеріңіз болса Батыстың намысты жігіттеріне жеткізу сізге аманат. Алда қыс келе жатыр. Көмектеспесе болмайды. Асарлатып болсын жағдай жасау керек. Ертең ақ, балалары өсіп, жақсылықтарыңызды елге қызметпен қайтарады, - деп жазады Нағашыбек Алданов.

Байланыс телефондары: Езімова Айнагүл 8777-8719581, 8701-3286449

P.S. Қазақстан екпінді 50 елдің қатарынан озып, озық 30 елдің ортасынан ойып тұрып орын алмақшы. Ресми ақпарат көздеріне сенсек, еліміз күн санап дамып, күн санап өркендеп келеді. Жерінің түгін тартсаң мұнай шығатын мемлекет өркендемей, дамымай тұра ма? "Дамып" жатырмыз. Сол мұнайдың шұрайы біткен жер - Атырау! Ал, Атыраудың Құдай берген мұнайының көп бөлігі осы Мақаттан өндіріледі. Ал, асты кенге кенелген аймақтағы қараша үйдің барша жаны мынандай аянышты халде тұрмыс кешуде. Бұған не деуге болады?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475