Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Масқара! 7371 0 пікір 9 Қазан, 2015 сағат 05:26

ОН АЛТЫҒА ТОЛМАҒАН АНАЛАР КӨБЕЙІП БАРАДЫ

Шымкентте жасы он алтыға толмаған қыздардың арасында жүктілік күрт көбейген, - деп хабарлайды 31 арна.

Балалықтың ауылынан алыстай қоймаған "бала-аналардан" туыстары теріс айналғандықтан, амалсыз "аналар үйін" паналауға мәжбүр. Кәмелетке толмаған, оқушы  аналардың көбейгені соншалық, Шымкенттегі екі орталық аздық етіп, тіпті келер жылдың қаңтар айында үшіншісі ашылуы мүмкін.

Қазақы ауылдан шыққан 17 жастағы Құндыз есімді ана  8-ші сыныпта жүргенде аяғы ауырлап, өзінен бірер жас үлкен жігіттен жүкті болғанын айтады. Тоғызыншы сыныпқа өткенде босанып, өмірге қыз әкеліп, аяқ-қолымды бауырыма алдым дейді. Ал, ауылда таныстардың сөзінен бас көтере алмаған ата-анасы амалсыз басқа ауылға көшіп, өзінен теріс айналған сәтте, далада қалмас үшін Шымкенттегі "кәмелеттік жасқа толмаған аналар үйін" паналадым деп отыр.

ҚҰНДЫЗ, 17 жастағы жас ана:

- Басында мен ол баламен араластым. Араласқаннан кейін ол мені қинады.  Кейін мен одан бұзылдым. Бұзылғаннан кейін үйдегілер сотқа берді. Ол менен кешірім сұрап жатса, мен оны кешірдім. Тағы жолыққанда, мен "көтеріп" қойдым.

Демеушілер есебінен қаржыландырылатын қоғамдық ұйымның жетекшісі Оксана Браткова аталмыш орынның әсіресе, адасушы жасөспірімдер мен олардың бейкүнә сәбилері үшін пайдасы орасан дейді. Аңдаусызда жүкті болып, барар жерлері болмағандарды тіпті кейде ата-аналары өздері әкеп тастайды екен.

Билік Шымкенттегі бұл үйлерге жасөспірім-аналардың көптеп келе бастағанынан хабардар. Бала мен ананы бірге ұстағандықтан, қайта мұндай орындардың көптеп ашылғаны дұрыс деп есептейді. Ал, 16 жасқа дейінгі жүктілік жиіледі дегенге, барлық мәселе тәрбиеде дегенді айтады.

НАУШАРМАН БОРАНБАЕВА, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

- Жетім балалар көбейген, біріншіден. Екіншіден, көп балалар анасыз тәрбиеленген. Соның салдарынан көп жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылықтар кездескен.

Шымкенттегі бір ғана аналар үйінде он жеті жас ана мен он төрт бала, сонымен қатар үш жүкті әйел бар. Ал, осы жылдың өзінде мұнда 14 жастағы ең жас ананы жақында орталық Көкшетауға оқуға жіберіпті. Рано есімді жаөспірім он үшінде жүкті болыпты. Мамандар келер жылдың басында жылдық қаржы қоры 120 мың долларды құрайтын осындай үшінші үй ашылады деп күтіп отыр.

Ерлан ҚУАНДЫҚОВ, Ержан СЕЙДӘЗІМОВ

31 арна

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6194