Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3622 0 пікір 8 Қазан, 2015 сағат 11:19

РЕСЕЙ ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ӘСКЕИ БАЗАСЫН КҮШЕЙТІП ЖАТЫР

Ресейдің қорғаныс министрлігі Тәжікстандағы әскери базасын қарсы соққы беретін тікұшақтармен күшейтіп жатқанын мәлімдеді. Онда Душанбенің жанындағы Айни әуежайына Ми-24П тікұшақтарымен бірге Ми-8МТВ әскери-көлік тікұшақтары жіберілгені айтылған. Бірақ жалпы саны көрсетілмеген.

Бұл мәлімдеме алдында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ресей президенті Владимир Путин Сочиде кездескен еді. Онда Рахмон Тәжікстанмен шекарадағы Ауғанстан аймағында исламшыл топтардың күшейіп кеткеніне алаңдайтынын жеткізген болатын.

Тәжікстанда Ресейдің құзыретіндегі 201-ші әскери базада жеті мыңға жуық ресейлік жауынгер орналасқан. Бұл – Ресей аумағынан тыс жердегі ең ірі ресейлік құрлық әскері.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4606
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627