Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4655 0 пікір 5 Қазан, 2015 сағат 14:07

АСТАНАДА СИРИЯ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ КЕЛІССӨЗ АЯҚТАЛДЫ

Жексенбі күні Астанада аяқталған Сирияға қатысты келіссөзге қатысушылар отырыста қорытынды декларацияны көпшілік дауыспен қабылдады деп хабарлады журналистерге «Сирия христиандары демократия үшін» қозғалысының жетекшісі Бассам Битар.

Оның ақпараты бойынша, қорытынды декларацияға Астанаға келіссөзге қатысқан 37 адамның 29-ы қол қойған. Декларациядағы негізгі тармақтардың бірі «Сирияда халықаралық бақылаушылар қадағалауымен парламент сайлауын өткізу және сайлауға қатысатын барлық кандидаттардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету» туралы деп хабарланды.

Сириядағы жанжалды реттеуді талқылаудың екінші кезеңі Астанада қазанның 2-і күні басталған. Жабық түрде өткен жиынға Сириядағы әртүрлі оппозициялық қозғалыстар мен топтардан ондаған өкілі қатысты.

Осы аптада Сирияда үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқандарға әуеден соққы берген. Ресей билігі шабуыл «ИМ содырларына қарсы жасалды» деп мәлімдеген.

Бірақ Башар Асад билігіне қарулы қарсылық танытып жатқан сириялық оппозиция ресейлік әуе күштері соққы жасаған аймақта ИМ жасағы жоқ екені және шабуылдан бейбіт тұрғындар қаза тапқаны туралы хабарлаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379