ОҚО: ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ
ОҚО жастар арасында діни экстремизмнің, кері діни ағымдар мен секталарды алдын алу бағытында атқарылған іс-шаралар қортындыланды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Еңбекші аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.
20.02.2015 жылы Еңбекші аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен және Ақпараттық үгіт-насихат тобының төрағалық етуімен, Еңбекші аудан әкім аппаратының өкілдерінің, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істер басқармасының, «Әлеуметтік бастамалар орталығының» білікті теолог мамандарының қатысуымен «Діни экстремизмнің, керіғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан медицина колледжі студенттерінің қатысуымен өтіп, 140-тан астам студент қатысқан; 11.03.2015 жылы №120 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп оқышылары мен мұғалімдерінің қатысуымен өтіп, 180-нен астам оқушылары мен мұғалімдер қатысқан;
07.04.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина колледжі студенттерінің қатысуымен өтіп, 130-дан астам студент қатысқан.
Студенттер тарапынан, Өзбекстан Республикасы секілді қысқа балақты, сақалды, хиджап киетін азаматтарды неге қуады деген сұрақ қойылды. Аталған сұраққа Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істер басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығының» білікті теолог маманы М.М.Халықов біздің мемлекет зайырлы әрі көп ұлтты мемлекет болғандықтан, біз күш қолданбайтындығымызды айтып кеңінен түсіндірілген.
Жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алуға бағытталған 2014-2015 оқу жылдары бірқатар іс-шаралар өткізілген. Жалпы білім беретін мектептерде 5-11 сынып оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алуға іс – шаралар бойынша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483 – IV Заңымен құқық негіздері пәнінің мұғалімдері оқушыларға құқықтық оқыту өткізілген. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім» 5-11 сынып оқушылар арасында діни көзқарастарын анықтау мақсатында мектеп психологтары сауалнама жүргізілген. «Біз діни экстремизмге қарсымыз!» тақырыпта 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілген. Оқушылар арасында діни сауаттылық жөніндегі ақпаратты насихаттар тобы белсенді оқушылардан құрылып, «Діни экстремизм және ғаламтор» тақырыбында мектепішілік акциялар ұйымдастырылған.
Акция шеңберінде қабырға газеттері шығарылып, оқушыларға плакаттар таратылған.
Сонымен қатар, «Біз діни экстремизмге қарсымыз!» және «Теріс пиғылды діни ағымдар ұлт келешегіне төнген қауіп» тақырыбында флешмобтар ұйымдастырылып тұрады.
«Біз діни экстремизмге қарсымыз!», «Қатерлі жиһадизм» атты тақырыпта бейне роликтер көрсетілген.
Жалпы білім беретін мектептерде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алу» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілген.
Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде патриоттық тәрбие бағыттары бойынша «Жастарға патриоттық тәрбие беру» жоспарларына сәйкес, басқа да қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жүзеге асырылуда.
Білім және Ғылым министрлігінің келісімімен Республикалық «Әскери спорттық клубтар федарациясының» 2008 жылғы 22 мамырдағы білім ұйымдарында «Әскери спорттық клуб» ашу туралы №1-08 тапсырмасына сәйкес, бөлімге қарасты білім мекемелерінде бірнеше әскери патриоттық спорттық клубтар ашылған. Қазіргі кезде осы клубтардың 37-сі қоғамдық негізде;
Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесі жанындағы «Жас әскерилер бірлестіктерінің Республикалық штабы мәжілісіні 2012 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 4,5 хаттамасы негізінде келісілген, Әскери бірлестіктер туралы «Типтік жалпы ереже» бойынша жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп «Жас әскери бірлестіктері» аталып балалармен жұмыс жүргізілген.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аудан прокуратурасының ерекше бақылауына алынып, жергілікті мемлекеттік органдарының іс-шараларын үйлестіру арқылы қол жеткізілуде.
Abai.kz