ӨЗБЕКТЕР ҮНДІ СЕРИАЛЫНА ТИЫМ САЛМАҚ
Өзбекстанда үнді сериялдарын көрсетуге тыйым салмақ, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Өзбекстанның баспасөз және ақпарат агенттігінің мониторинг орталығы "Ешлар" (Жастар) телеканалы арқылы көрсетіліп жатқан "Тек сен менің сүйіктімсің" (Ишани) үнді сериалын көрсету зиянды екенін мәлімдеді.
Бұл фильмді көрсету орталыққа түскен бірнеше шағымдардан соң, жүргізілген зерттеу нәтижесінде заңсыз деп табылған.
Халық арасында "Ишани" деп аталып кеткен телесериал "Balaji Telefilms" компаниясында Эктой Капурдың продюсерлігімен түсірілген. Алайда өзбек билігі мұны жергілікті халықтың менталитетіне, ұлттық құндылықтарына жат деп санайды.
Дегенмен халық арасында бұл фильм үлкен сұранысқа ие болып отыр. Тіптен жас келіншектер дүниеге келген қызына Ишан деген есім беру сәнге айналған. Оқушы дәптерлерінің мұқабасында да фильмнің бас кейіпкерлерінің суреті жапсырылған.
Бұл фильм әлі көрсетіліп жатыр, бірақ таяу күндері оның тағдыры шешілуі мүмкін.
Абай-ақпарат