Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7458 0 пікір 30 Қыркүйек, 2015 сағат 22:17

САУД АРАБИЯ ПУТИННІҢ БЕТІН ҚАЙТАРДЫ

Сауд Арабия Путиннің Сирияға қатысты ұсынысын қабыл алмады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Сейсенбі күні Сауд Арабия Мәскеудің халықаралық қауымдастықты Сирия президенті Башар Асадты қолдауға шақыру жөніндегі ұсынысынан кесімді түрде бас тартты. 

Сауд Арабия корольдігінің сыртқы істер министрі Әдел әл-Жубейр Нью-Йоркте одақтастарымен кеңесінен кейін, БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясындағы Путиннің Сирияға қатысты ұсынысын «оқсыз ату» деп атап, Асад тағынан өз еркімен кетеді немесе күшпен кетіріледі деді.

Әл-Жубейр Иранды «Таяу Шығыстағы террористер мен экстремистерге су бүркеп отыр» деп айыптады.

Оның сөзінше, Сириядағы жағдайды реттеудің екі-ақ жолы бар. Бірі – ең дұрысы сайлау алдында Асад өз еркімен кетіп, оның орнына оппозицияның өкілдері кіретін уақытша билік орнау керек. Екіншісі, әскери күштің көмегімен кетіру.

«Екеуінің қайсысын таңдайды, бұл Дамаскінің қазіргі билігінің шешіміне байланысты»,- деді Әл-Жубейр.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963