ОБАМА МЕН ПУТИН КЕЗДЕСУІНЕН ОҢ НӘТИЖЕ ШЫҚПАЙДЫ
АҚШ мемлекеттік хатшысы Обама мен Путин кездесуінен оң нәтиже шығатынына күмән келтіреді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы державалар арасындағы үйлестіру ісі әлі нақтылыққа көшкен жоқ деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Нью-Йоркте. Ол бұл жайында Ресей СІМ Сергей Лавровпен кездесу кезінде журналистерге айтты. Екі саясаткер жексенбі күні Вашингтон мен Мәскеу арасындағы сұрақтарды талқылады.
Лавровтың түсіндіруінше, Ресейдің Иран, Ирак және Сирия барлаушылары арасындағы өзара ақпарат алмасуға қатысуларының мақсаты ИМ-ға қарсы үйлестіру ісіне кіруі.
Керридің айтуынша, дүйсенбі күні Барак Обама мен Владимир Путин кездеседі. Бірақ кездесуден оң нәтиже шығады дегенге өзінің күмәнін білдірді.
Сенбі күні Керри Сирия және Йемендегі жағдайға қатысты диалог орнату үшін Иран СІМ Мұхаммед Жавад Зарифпен кездесті.
Абай-ақпарат