Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 9023 0 пікір 25 Қыркүйек, 2015 сағат 13:27

РЕСЕЙ "СОҒЫС ҚАУПІН ТӨНДІРУШІ" ЕЛ

Украина президенті Петр Порошенко жаңа әскери тұжырымдаманы бекітті. Онда Ресей «соғыс қаупін төндіруші» ретінде көрсетілген. Бұл жөнінде Украина басшысының ресми сайтында жарияланды. 

Құжатта Украинаға басты қауіп туғызушы Донецк және Луганск облысының жекелеген аудандары мен аннексияланған Қырымдағы Ресейдің әскери агрессиясы деп атап көрсетілген. Ресейдің ресей-украин шекарасына әскер санын көбейтуін де қатердің бірі ретінде қарайды. Сонымен бірге Қырымды ядролық қару аймағына айналдыруы мүмкіндігін жоққа шығармайды.    

Қыркүйек айының басында Украинаның ұлттық қауіпсіздік кеңесі әскери тұжырымдаманы бекіткен болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 675
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2658
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1706