Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5103 0 пікір 24 Қыркүйек, 2015 сағат 13:15

Н.НАЗАРБАЕВ: ӨЗ ҰЛТЫН ӨЗГЕДЕН БИІК ҚОЮ - КҮНӘ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Әзірет Сұлтан" мешітінде намаз оқып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Қазақстанда, көршілес достастық елдерінде тұрып жатқан және әлемдегі барлық мұсылманды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке адамзатты бейбітшілік пен келісімге, өзара түсіністік пен жанашырлыққа үндейді. Бұл мереке бірліктің, кешірімнің, бір болудың мерекесі, бұл күні туыстар, достар, көршілер жиналып, түсініспеушілік болған жағдайда бір-бірін кешіріп, Алладан халқымызға болашақтың бірлікте, ауқатты болуын сұрайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев молданың намазынан кейін.

"Әлемдегі барлық қақтығыс, бірінші кезекте, территориядан, шекараның анық болмағандығынан шығады. Біз бұл мәселені шештік, біздің шекарамыз барлық жағынан да достық пен тыныштықпен қорғалған. Екіншіден қақтығыстар ұлтаралық қақтығыстардан шығады. Өз ұлтыңды өзгелерден биік қою - ең үлкен күнә. Жер бетіндегі барлық адамдар бірдей, Алла оларды тең етіп жаратты. Өзгелерге құрмет көрсету арқылы біз елімізде тыныштықты сақтаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Қақтығыстардың үшінші себебі, оның айтуынша - дінаралық қақтығыстар, мұны қазіргі уақытта бүкіл әлемнен байқауға болады. "Біз - қазақстандықтар өз дінімізге - мұсылман дініне құрметпен, сүйіспеншілікпен қараймыз, бірақ біз өзге де діндер мен сенімдерді құрметтейміз. Осы негізде біз бірлікті, татулықты, достықты сақтаймыз. Бүгінгі мейрамның айтпағы осы. Жалпы барлық қазақстандық Алладан береке-бірлікті, бақытты өмір мен тыныштықты сұрайды. Осы ұлы мейрам бақыт пен тыныштықты әкелсін. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті отандастар", - деп қорытындылады Президент өз сөзін.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377