Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 7227 0 пікір 24 Қыркүйек, 2015 сағат 12:24

ҚҰРБАНДЫҚҚА "АДАМ ШАЛАДЫ" ДЕП АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Ақтөбелік ата-аналар бір-біріне «ватсап» желісі арқылы ескерту жіберіп, шулап жатыр, - деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Айтуларынша, қала мектептерінің алдындынан қара машинадағы “сақалды жігіттер” балаларды күтіп алып, ертең құрбандыққа шалады-мыс.

Әлеуметтік желі арқылы шулап, бір-бірін ақпараттандыруға тырысқан ата-аналар жағдайдың растығына көздері жетпесе де, қолдарында бар ақпаратты таныстарына таратып жатыр. Онда Ақтөбе мектептерінің алдында жүрген “сақалды жігіттер” балаларды көліктеріне сүйреп жатыр делінген.

Хабардың сенімді шыққаны сондай, бір ата-ана болған жайды класс жетекшіден естідім деп сөйлейді.

«Файзолланың қызының шешесі шошып отыр. Қызым үйге шошып келді. Артында қасқырдың суреті бар қара машина мені мінгізіп алып кете жаздады», – дейді ата-аналардың бірі.

«Жаңа дайындық курсының апайы хабарлады. Бұл мектепте болған оқиға деп. Қаламқас апайдың қызын сақалды кісілер қуып ұстап алып бара жатқан жерінен біреулер көмектесіп, алып қалған екен мыс», – дейді тағы бір ата-ана.

Осындай жазбалар алған ақтөбеліктер үрей үстінде. «Ватсап» арқылы еркін тарап жатқан ақпараттар елді шулатып жатыр. Оның үстіне Ақтау, Атырау, Астана, Ақтөбе қалаларының тұрғындарына арналып жазылған жазба жағдайды ушықтырып тұр.

Бірақ, бұл мәліметтерді Ақтөбе облыстық ІІД мамандары жоққа шығарады.

«Мектептер жанынан балаларды алып кетіп жатыр» деген жалған ақпарат. Ондай жағдай тіркелген жоқ. «Мұндай ақпарат таратқандар жауапқа тартылады» деп бізге министрліктен хабарлады. Қала тыныш, -деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жылда Құрбан айт қарсаңында құрбандыққа адам шалынады екен деп шулайтын ақтөбеліктерге алаңдауға негіз жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377