Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4035 0 пікір 23 Ақпан, 2016 сағат 09:52

ЖУРНАЛИСТ ӨЗІНЕ ЖАСАЛҒАН ҚАСТАНДЫҚТЫ ІІМ БАСШЫСЫНАН КӨРЕДІ

"Деньги и власть" газетінің бас редакторы, саясаттанушы Турат Акимов өзіне жасалған қастандықтың артында ішкі істер министрі Меліс Тұрғанбаев тұруы мүмкін дейді.

Ол бұл пікірін Бішкекте өткізген баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Турат Акимов сөзіне ешқандай дәйек келтірмеді, тек өзіне не болмаса туыстарына қарсы бір жағдай бола қалса, ІІМ басшылығымен және оның көмекшісімен болған әңгіменің аудиосын интернетке жариялайтынын ескертті.

Журналист президент аппаратының басшысы Фарид Ниязовқа өзінің үйіне бейнебақылау жүргізуін, күзетпен қамтамасыз етуін және өзіне қару ұстап жүріне рұқсат беруін сұрады.

Еске сала кетейік, "Деньги и власть" газетінің бас редакторы Турат Акимовқа 20 ақпан күні белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Журналистің сөзінше, оқиға көлігін ауласына кіргізе бергенде орын алған.

"Басымнан темір затпен ұрды. Олар мені өлтіргілері келді. Бұл менің жұмысыма тікелей қатысты деп есептеймін", -деді ол.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев журналистке жасалған қастандықты зерттеуді тікелей өзінің бақылауына алды.

Оқиға бойынша, Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Турат Акимов өзінің мақалаларында қазіргі биліктің іс-әрекетін сынайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1398
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2975
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1046
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 977